• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2013

Ауылда… құбыр шығарылады

387 рет
көрсетілді

Ауылда… құбыр шығарылады

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:08

Үржар ауданының әкімі Бауыржан Жанақов шалғайдағы өңірге іссапармен келген біздің бұйымтайымызды білісімен, «Өңірде жаңалық көп» деп алып, Мақаншы ауылында елімізде теңдесі жоқ пластикалық құбыр­ларды шы­ғарып жатқан «Бәтуа» жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігінің 3 миллиард теңге өз қар­жы­ларына пластикалық зауыт­ты іске қосқандарын, ол-ол ма, Сарытерек телімінде 1900 гектарға соя дақылын егіп, оны экспортқа шығара бастағандарын, қонақүй, жатақхана, асхана, екі астық сақтайтын қораны салғандарын, аудан бюджетіне қыруар қаржы құйғандарын, жүздеген адамды жұмысқа қабылдағандарын» ілтипатпен жеткізді.

«Жақсыны көрмекке» деген, салып ұрып Мақаншыға жеттік. 45 шақырымдық жол тақтайдай тегіс, асфальт төселген, Алматы, Таскескен, Үржар арқылы Қытай­дың Үрімшісіне дейін салынып жат­қан сапалы жолдың «Алматы – Өскемен» трассасына дейінгі аралықтағы жөндеу жұмыстары басталып кетіпті.Мақаншы ауылдық округінің әкімі Советхан Қалиев бізді ауыл­дың шет жағындағы пластикалық зауыттың ауласына алып келді. 630 және одан сәл жіңішкелеу 315 миллиметрлік, ұзындығы 6 метр­лік құбырлар тау-тау болып үйіліп жатыр. Бұл құбырлар ауыл шаруашылығы алқаптарын су­ландыруда таптырмайтынды. Қала үйлеріндегі су, бу құ­быр­ларындағы аталмыш пластик бұйымдар темірге қарағанда екі-үш есе төзімді. Пластик құбырлар 50-60 жылға дейін шірімейді, оны алмастыру да онша қиындық туғызбайды.– Зауыттың ашылғанына бір жыл. Ал «Бәтуа» серіктестігінің құрылғанына үш жыл. Серіктестік басшылары 3 миллиард теңге өз қаржыларын салып, Сарытеректе соя өсіріп жатыр, түрлі ғи­марат­тарды салып, көптеген техника сатып алды. Сояның бір тоннасы 80-100 мың теңге тұрады. 2012 жылы 2400 гектарға соя егіп, гектарынан 20 центнер өнім алдық. Демек, кеткен қаржы еселеніп қайтады деген сөз. Қазір пластик құбырлар зауытында 49 адам жұмыс істесе, ал соя өсірумен жаз кезінде 300-ге тарта адам айналысады, – дейді «Бәтуа» серіктестігінің пластикалық зауыт­тағы үйлестірушісі Ербосын Қаша­қов.Қазір далада 630 мм. 5 мың метр, 315 мм. 3 мың метр құ­быр әзір тұр. Құбырларға деген сұ­ра­ныс үлкен. Бірақ біз соя өсі­ретін алқапқа құбырларды тартып, тамшылатып суаруды жүзеге асырып жатырмыз. Өзіміздің қа­жеттілігімізді орындаған соң сатып, пайда табу да ойда бар. Біздің жоба индустрия­ландыру картасына енгізілген. Үкіметтен 730 миллион теңге алған соң басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру ойда бар. Ең бастысы, шалғайдағы Үржар ауданы тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етсек, абырой емес пе, дейді Ербосын Алдасүгірұлы.Пластикалық зауытта еңбек етіп жатқан Мақаншы ауылының тұрғындары Берік Қалқаров, Нұрдәулет Ордашев,Тұрлан Салиев, тағы басқалар жалақыны уақтылы алып тұратындарын, мамандыққа төселіп алғандарын, алдағы уақытта тағы да жұмыс күшінің қажет болатынын айтады.Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы.

Суретті түсірген автор.