• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2013

Жайбасарлыққа жол жоқ

312 рет
көрсетілді

Жайбасарлыққа жол жоқ

Жұма, 19 сәуір 2013 0:45

Ауа райына тәуелділіктен құтылу жауапты науқанды сапалы өткізумен тығыз сабақтас екенін әркім түсінуі тиісСолтүстікқазақстандық ди­қандар былтырғы жылдың құр­ғақшылығын ұмыта қойған жоқ. Соған қарамастан, қалыптасқан бай тәжірибенің, ылғал сақтау технологияларын тиімді қол­данудың арқасында Отан қамбасына 5 миллион тонна ел ризығын құйған-ды.

Жұма, 19 сәуір 2013 0:45

Ауа райына тәуелділіктен құтылу жауапты науқанды сапалы өткізумен тығыз сабақтас екенін әркім түсінуі тиісСолтүстікқазақстандық ди­қандар былтырғы жылдың құр­ғақшылығын ұмыта қойған жоқ. Соған қарамастан, қалыптасқан бай тәжірибенің, ылғал сақтау технологияларын тиімді қол­данудың арқасында Отан қамбасына 5 миллион тонна ел ризығын құйған-ды. Олар мол өнім негізі ерте көктемнен қаланатынын жақсы біледі. Биыл да молшылықтан үмітті. Күзгі-қысқы кезеңдерде то­пырақ қабатына ылғал норма­да­ғыдан екі есеге жуық көп тү­зілді. «Сәуір болмай тәуір бол­мас» деген сөз теріскей өңір­лерге қарата айтылғандай. Күннің нұры «Самарқанның көк тасын» жібітетіндей бар шуа­ғы­мен төгіліп еді, Жер-ана бусанып сала берді. Бір жағынан, ауа температурасының бірден көте­рілуі қалың қарды күрт ерітіп, ылғал қорының жеткілікті жинал­мауына кері әсер ете ме деген алаңдаушылық та жоқ емес. Сол себепті облыста көктемгі егіс науқанын сапалы өткізуге бағытталған дайындық шаралары күн өткен сайын қарқын алып келеді.

Аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен кеңесте ғылыми негіздел­ген агротехникалық техноло­гия­лар мен озық әдістерді қолдану мәселелері жан-жақты тал­қы­ланды. Жауапты науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруда нөлдік технологияның маңы­зы атап көрсетіліп, нақты тап­сырмалар жүктелді. Аграрлық сала ғалымдары ылғал жабудың және дақылдарды себудің ғы­лы­ми негізделген қолайлы мер­зімін ұсынып, әдістемелік кі­тапшалар таратты. Биыл 4 миллион 338 мың гектар жерге тұқым сіңіріледі деп ұйғарылып отыр. Ауыл шаруашылығының егіс­тік алқаптарын әрта­рап­тандыру, монодақылды шаруашылық жүргізу әдісінен бас тарту жөніндегі Елбасы тапсырмасына сәйкес бас­ты дақыл – бидайдың көлемі азайтылып, керісінше майлы дақылдар – 367 мың, жемазық дақылдар – 318 мың гектарға жеткізілді. Картоп 27,5 мың, көкөніс 5,1 мың гектар алқапқа орналастырылады.Биыл «ҚазАгро» АҚ-қа қа­рас­ты қаржы институттары 9 бағ­дар­ла­ма шеңберінде 7,7 миллиард тең­генің несиелеу, субсидиялау кө­мектерін ұсынса, 5 миллиарды егін­шілікке тиесілі. 2011 жылы егіс алқаптары 19 мың тонна минерал­ды тыңайтқышпен байытылса, үс­ті­міздегі жылы 47 мың тоннаны құ­райды. Алайда, бұл көрсеткіш қа­жеттіліктің төрттен бірін ғана өтейтінін ескерсек, алда қыруар жұ­мыстар күтіп тұрғанын аңғаруға болады. Қажетті 546 мың тонна тұ­қым себу бабына жеткізіліп, өң­деу, дәрілеу жұмыстары қызу қар­қын алған шақ. Сорт ауыстыру, аудандастыру және жаңғырту ісін одан әрі жалғастыру мақсатымен 20 мың тонна элиталы тұқым әзірленді. Көктемгі егіске 14,5 мың әртүрлі маркалы тракторлар, 5500 себу агрегаттары, 1000-нан астам жоғары өнімді егіс кешендері жұмылдырылмақ. Олардың 94 пайызы дайындық сапында. Жыл басынан бері 1,4 миллиард теңгенің 169 техника бірлігі сатып алынды.Ауыл шаруашылығы министр­лі­­гінің жанар-жағармайдың литрі 95 теңгемен босатылатынын, бұл­ бөл­шек саудадағы бағадан 8 пайыз­ға арзан екенін мәлімдеуі аграр­лық салаға деген мемлекеттік қам­қорлықтың күшейтілгенін аң­ғартса керек. Демек, қолайлы мүм­кіндіктерді қалт жібермей жа­нар-жағармай материалдарымен, дизель отынымен бірінші кезекте қамтамасыз етудің маңызы өте зор. 70 мың тонна дизель отыны, 11 мың тонна бензин, 3,2 мың тон­на мотор майы қажет делінсе, ауыл­шаруашылық құрылымдары 50 пайыздайымен қамтамасыз етіл­ген. Жеткізуші операторлар 22 мың тонна дизель отынына ке­лісім жасас­ты. Алайда, кей тауар өндірушілер шартқа отыруға, алдын ала төлем жасауға асығар емес.Жауапты науқанға кірісетін уақыт таяп қалды. Олай болса, жайбасарлыққа жол жоқ дегіміз келеді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».Солтүстік Қазақстан облысы.