• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2013

Ынтымақтастық көкжиегі

436 рет
көрсетілді

Ынтымақтастық көкжиегі

Сәрсенбі, 8 мамыр 2013 1:43

Облыста алыс-жақын шетелдермен әріптестік қатынастарды нығайтуға бағыт ұсталуда. Әсіресе, көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатуда тым тәуір бастамалар өмірге келуде. Бұрын Ресейдің шекаралас аймақтарымен экономикалық әріптестік қатынас жақсы жолға қо­йылған болатын. Соңғы жылдары әріптестік байланыс көкжиегін кеңейтуге қадам жасала бастады.

Сәрсенбі, 8 мамыр 2013 1:43

Облыста алыс-жақын шетелдермен әріптестік қатынастарды нығайтуға бағыт ұсталуда. Әсіресе, көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатуда тым тәуір бастамалар өмірге келуде. Бұрын Ресейдің шекаралас аймақтарымен экономикалық әріптестік қатынас жақсы жолға қо­йылған болатын. Соңғы жылдары әріптестік байланыс көкжиегін кеңейтуге қадам жасала бастады. Өткен жылы облыстың жергілікті атқарушы билік өкілдері және кәсіп­керлерінен құралған делегациясы Татарстанның астанасы Қазанда және Әзербайжанның астанасы Бакуде болып, іскерлік байланыстардың тінін бекітіп, өзара тәжірибе алмасып, экономикалық ынтымақтастыққа негіз қалап келген-ді. Бұл жолы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов басқарған делегация Ресейдің мейлінше қар­қынды дамып келе жатқан өңір­лерінің бірі – Калуга облысында ресми сапармен болып қайтты. Ондағы мақсат қазіргідей нарықтық жағдайда жұмыс істеуде өзара тәжірибе алмасу және аймақтардың индустриялық-инновациялық даму мәселелерін талқылау болып табылады.

– Мұндай іскерлік байланыстардың берері мол. Ақтөбеліктер, әсіресе, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларына көбірек назар аударды. Іскерлік делегация алдымен кедендік терминал, логистикалық кешен жә­не «Росва» индустриялық паркі жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, тек индустриялық паркті ашып қана қоймай, онда жұмыс істейтін кадр мәселесін шешу де кешенді жүргізіледі екен. Паркте қажетті ма­мандықтарға жұмысшылар даяр­лаудың үлгілі үрдісі қалыптасқан. Мамандардың бәрін шетелде даярлау мүмкін болмайтындықтан, олар өздерінде оқу орталықтарын ашуды жөн көріпті. Мұнда тапсырыс берушінің белгілеуімен жинақтаушы, механик, дәнекерлеуші, тағы да басқа мамандықтар бойынша оқыту қамтамасыз етілген. Инвестордың өз бизнесін ашуға деген ойын жүзеге асырудың да тетіктері жеңілдетілген, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұқанов.

Сапар барысында облыс әкімі Ар­химед Мұхамбетов Калуга об­лысының губернаторы Анатолий Артамоновпен кездесті. Олар өзара әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан На­зарбаев пен Владимир Путин ұс­танған стратегиялық бағыттарды бекем қолдайтындықтарын білдірді. Сондай-ақ, өзара ынтымақтастық тұрғысынан маңызды мәселелерді талқылап, бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндіктерін қарастырды.

Сапар барысында екі облыстың сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ұзақ мерзімді негізде, тең әріп­тестік, бір-бірінің мүддесін ескеру жағдайында ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.