• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2019

Кентаудағы «Яссы-құс» фабрикасының өнімдеріне сұраныс артқан

435 рет
көрсетілді

Кентау облыс орталығына шекаралас орналасқандықтан Түркістанмен бірге көркейетін қала. Сондықтан да болар қалада құрылыспен қатар шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше мән берілуде.

Жуырда Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС-і іске қосылды. Жаңа зауыт «м150-м450» маркалы  бетондарды өндіреді. Өндіріс орнында қазіргі таңда 30 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік облыстың аудан, қалаларына жіберілуде. Кәсіпорында 15 «HOWО» КАМазы, жүк машинасы, автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр.

Сондай-ақ Кентаудағы «Яссы-құс» фабрикасының өнімдеріне сұраныс көбейе түсуде. Шаруа қожалығы негізінен жұмыртқа өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4 жұмыртқалайтын  цех пен құрама жем сақтайтын қойма бар.  Жобаның  құны  – 198 млн. теңге. Қазіргі таңда  голландиялық «лабраун»  тауығының 50 мыңы бағылуда. Фабриканың айлық қуаттылығы – 1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына 16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Қожалық жұмысымен танысқан облыс әкімі Ө.Шөкеев өнім көлемін арттыра түсіп, жұмыс орнын көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласындағы жұмыс сапары барысында құрылысы жаңадан басталған 10 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Биыл мамыр айында құрылысы басталған нысандар 2020 жылдың маусым айында толық пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 600 отбасы баспаналы болады.

Түркістан облысы