Жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам (26-0, 21 KO) мен Жанқош Тұраров
(24-0, 17 KO) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингіндегі ТОП-10 боксшының қатарына енді.
Орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам 5-шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде доминикандық қарсыласы Хулио де Хесусты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO International белдігін жеңіп алған-ды.
Ал бірінші орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Жанқош Тұраров 6 шілдеде елордада өткен жекпе-жегінде WBO Inter-Continental белдігі үшін аргентиналық боксшы Максимилиано Годоймен кездесіп, үшінші раундта қарсыласын сұлатып салған болатын.
Осы жеңістерінен кейін Қанат Ислам WBO рейтингінде сегізінші, Жанқош Тұраров 10-орынға көтеріліп алды.