Өтінішті қанағаттандырмау туралы шешімнің себебін судья Ермек Шымыров Мұхтар Жәкішев келтірген шығынды толық өтемеген деп түсіндірді.
«Қапшағай қалалық соты 2014 жылғы 15 мамырда Жәкішевтен зардап шеккендердің атына 99 миллиард теңгеден астам шығын өндіру туралы шешім шығарған болатын. Бұл шығынның өтелгені туралы құжаттар сотқа ұсынылған жоқ... Жәкішевке мүгедектік 2018 жылдың 4 мамырында тағайындалған. Яғни, М.Жәкішев осы уақытқа дейін, 4 жыл бойы зардап шегушілердің шығынын өтеу бойынша ешбір шара қабылдамаған»,-деген Ермек Шымыров мерзімнен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырмау туралы шешім қабылданғанын айтты.
Айта кетсек, Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынын айырылған болатын.