• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Шілде, 2019

Арыс қаласының 5051 отбасы үйлеріне оралды

358 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде 5051 отбасы өз үйлеріне қайта оралды.

29 шілдеге қарай құрылысшылар Арыс қаласындағы 2707 үйді тапсырды. Тағы 2344 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мұнда шатыры жөнделіп, терезелері орнатылды, кейбір нысандарда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалды. 

7785 құрылысшы қаланы қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Бір ай ішінде олардың қатары күн сайын бірнеше ондағаннан екі жүзге дейін толықтырылды.

Кең көлемді құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар қатысуда. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың басшылық етуімен төтенше жағдайдан кейінгі алғашқы күндерден бастап Арыс қаласын қалпына келтіру барысын қадағалап, бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.