• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2013

Бизнесті бәсеке шыңдайды

356 рет
көрсетілді

Бизнесті бәсеке шыңдайды

Жұма, 7 маусым 2013 2:03

Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурс ұйымдастырылды.

Оның басты мақсаты, отандық өнімдерді өндіруші жеке және заңды тұлғалардың  белсенділігін арттыруға ықпал ету, ел рыногын бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, өндірілген отандық өнімдерге басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып, олардың отандық және халықаралық сапа стандарт­тарына жетуіне мүмкіндік туғызу, өнер­кәсіптік, коммерциялық және қоғамдық мекемелердің сапалы тауар өндіруде сапа мәселесіне байланысты проблемаларын шешуге назар аударту.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» деп аталатын үш номинация бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін облыс кәсіпкерлерінен 57 өтініш түсіп, жеңімпаздар мен лауреаттар анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша  бірінші дәрежелі дипломмен «Жамбыл Цемент Өндіру Компаниясы» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен «Құрылыс Полимер» ЖШС және үшінші дәрежелі дипломмен «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар номинациясы» бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «ТаразКожОбувь» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен «Карат-V» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен «Триана Тараз» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауар­лары» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «Бурный сыр зауыты» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен «KazIr Agro» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен «Куликов сүт өнімдері» ЖШС дәріптелді.

Аймақтық конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары алдағы уақытта Астана қаласында өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары» атты республикалық  көрме-конкурсына қатысатын болады.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.