• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2019

Түркістан облысында суға батып, қаза болғандар саны азаймай тұр

390 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жыл басынан бері жазатайым оқиғалар бойынша 49 адам қайтыс болған. Оның 28-і кәмелетке толмаған балалар болса, 21-і ересек.

Ауа райы да қайғылы оқиғалардың орын алуына септігін тигізіп отыр. Мысалы, өңірде 13 бала ата-ананың қарауынсыз, 8 бала рұқсат етілмеген жерде, 2 кәмелетке толмаған жас бала шомылуға арналған демалыс орталықтарының бассейндерінде және 2 адам балық аулау кезінде қайтыс болған.   Сондай-ақ құдықтар мен септиктерге түсіп кетіп, қайтыс болғандар да бар. Бұл деректер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік шаралары», «Орман мен дала өрттерінің алдын алу және дайындық жұмыстары» тақырыбындағы брифингте келтірілді. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сұлтанғали Смайловтың мәлімдеуінше, өңірде шомылу маусымының алдында және оның өту кезеңінде су объектілерінде адамдардың өлімі ең өзекті мәселенің бірі.

Соңғы 5 жылда яғни, 2015-2019 жылдар аралығында облыста судан қаза болған адамдардың саны азаймаған. Осыған байланысты департамент  бастығының орынбасары облыс тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларын  қатаң сақтауға шақырды.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар