Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бірі студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі.
Осыған орай, біз инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарда студенттік жатақханалар құрылысына атсалысуға шақырамыз. Бұл процеске ауқымды түрде, яғни әлеуметтік нысан ретінде емес, табысты, тұрақты және перспективалық бизнес-жоба ретінде қарауды ұсынамыз. Бұған барлық алғышарттар бар.
Бірінші. Сұраныс ұсыныс тудырады.
Бүгінгі таңда елімізде студенттер үшін 90 мыңнан астам орын-жайды енгізу қажет. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңір кіреді.
Жақында Қазақстанды 2000 жылдардың baby-boom нәтижесі күтілуде. Сондықтан жақын болашақта елде тұтынушылар нарығының қарқынды өсетіні айқын.
Екінші. Мемлекеттің қаржылық қатысуы.
Нысан пайдалануға сәтті енгізілгеннен кейін мемлекет тарапынан 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүргізілетін болады. Төлемдердің мөлшері пайдалануға енгізілген және білім алушы нақты орналасқан орын-жайлар санына байланысты. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК төленеді.
Үшінші. Қосымша табыс көздері.
Студент төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсырысының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың меншік иесі реттейді және ол нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының шарттарымен анықталады.
Сонымен бірге тұрмыстық қызметтерді көрсету үшін коммерциялық алаңдар жасауларыңызға болады, олардың негізгі тұтынушылары тұрғындар болмақ.
Жобаға қатысу шарттары
Жобаны іске асыру үшін капитал және жер телімі болуы қажет. Жер теліміңіз болмаған жағдайда біз оны мемлекет-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен бірге жобаны бастау немесе консорциум құру жолымен ресурстарды біріктіру арқылы алудың бірқатар жолдарын ұсынамыз.
Сонымен қатар егер сіздер ғимараттың меншік иесі болсаңыздар, оны жатақхана етіп реконструкция жасауға және оған мемлекеттік тапсырысты орналастыруға талаптануға болады.
Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру сәтінен бастап 30 шарт жасалды, соның нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа орынның енгізілуі қамтамасыз етілді.
Жобаға қатысу үшін мыналар қажет:
Бірінші – жобаға қатысу шарттарымен толық танысу үшін studdom.kz сайтына кіру немесе 8-8000-802-828 нөмірі арқыл БҒМ Қаржы орталығының колл-орталығына хабарласу.
Екінші – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру.
Біз жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз!
«Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханаларға операторлық ету жөніндегі департаменті