• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2013

Мәңгілік Ел болудың жаңа межесі

461 рет
көрсетілді

Мәңгілік Ел болудың жаңа межесі

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:55

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – келешегіміздің кемел де ке­мең­гер жоспары. Бұл бүкіл қазақ­стан­дықтардың жүрегінен жол тапқан жаңашыл, тұжырымды Жолдау болды. Президенттің жыл сайынғы жолдауларының арасында бір-бірімен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақ­станның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Елбасы Жол­дауда атап өткендей, «біз бү­гін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзін­дік ерекшеліктері мен өзін­дік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз».

 

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:55

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – келешегіміздің кемел де ке­мең­гер жоспары. Бұл бүкіл қазақ­стан­дықтардың жүрегінен жол тапқан жаңашыл, тұжырымды Жолдау болды. Президенттің жыл сайынғы жолдауларының арасында бір-бірімен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақ­станның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Елбасы Жол­дауда атап өткендей, «біз бү­гін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзін­дік ерекшеліктері мен өзін­дік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз».

Бұл Жолдауда «Қазақстан – 2030» Стратегиясының  негізгі қо­рытындылары шығарылды. 2050 жылға дейінгі кезеңді қам­тыған Жолдаудың әрбір бағытында айтылған тапсырмаларды орындау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ұлттығымыздың ұлы шаңырағы Астананың қарыштап дамуы, өркендеуі Қазақстанның мәртебесін асқақтатып отыр, елорда – ел өркендеуінің не­гі­зі, саяси тұрақтылықтың, эко­но­микалық өрістеудің орталығы. ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­месін өткізу мен ЕҚЫҰ Сам­митін ұйымдастыру да – ел алдындағы үлкен іс, Астана­ның мол мүмкіндігінің тағы бір көрінісі. Елордамыз – Аста­на­ның күн санап көркейіп, өсіп, сәулеттенуі – бәріміздің ме­рейі­міз. Шынында Астанадай асқақ еліміздің жүрегі болмаса, дәл мұндай әлемдік маңызды міндеттер жүктелмеген болар еді. Бұл құрмет – Қазақстанға құрмет, Елбасымыздың әлем алдындағы асқақ абырой-беделі.

«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мем­лекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құ­ру» екендігін жариялаған Президентіміз халық көкейіндегі мәселелерді тап басып, алдағы міндеттерді көрегендікпен ай­қындап, келешегіміздің кемел көкжиегін көрсетті. Осы реттен келгенде, Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар әрқайсымызға үлкен міндеттер жүктейді.

Тәуелсіздік – бүкіл ата-баба­лары­мыздың асқақтаған армандары, сол үшін қазақ даласында болған бірнеше қуғын-сүргіндер, сексен алтының желтоқсанындағы біздің жастарымыздың алаңға шығып көрсеткен ерлігі – оның оңайлықпен келмегендігінің үл­кен дәлелі. Тәуелсіздіктің ар­қа­сында  ынтымағымыз бен бір­лі­гіміз жарасып, керегесі кең елге айналдық.  Елімнің қай қиы­рында еңбек етсем де менің негізгі мақ­сатым – «болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі», «тәуелсіз Қа­зақ елінің перзенттері», еліміздің ертеңі – болашақ ұрпақты білімді де саналы  етіп тәрбиелеу.

1988-1989 жылдары Герма­ния­ның екі бірдей жоғары оқу орнында – Клаусталь техникалық уни­верситеті мен Ахен қа­ла­сын­дағы Рейн-Вестфаль жоға­­ры техникалық мектебінде  іс-тәжірибеден өттім. 1994-1995 жылдары Целли қаласында Тө­менгі Саксон неміс басқару академиясында білім алдым. Ол кезде қазақ деген ұлтты басқа ел танымайтын еді. Қазір бәрі басқаша – ата-бабамыз армандаған Тәуел­сіз­дігіміз бүгінде толыққанды, нық орнығып, қазіргі таңда қазақ елін бүкіл әлем таныды. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі, экономикасы мен халқының әл-ауқатының артуы елімізде жүр­гізіліп отырған салиқалы сая­саттың нақты нәтижесі екендігі сөзсіз.

Еліміздің экономикасы­ өркендеп, жылдан-жылға қуа­ты артып келеді. Жас мемле­кеті­міздің буындары бекіп, қабырғалары қатайып, өз алдына дербес, тұғырлы ел болуына қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздің алдында жаңа, өршіл мақсаттар тұр. Олардың ең бастысы – әлемдегі барынша дамыған мемлекеттердің қатарына кіру.

Шетелдің, әсіресе, Амери­ка­ның, Қытайдың, Германияның, басқа да елдердің  жоғары оқу орындарының жұмыстарымен таныса жүріп, өмірлік тәжірибе­лерімнен Қазақстанда да шетелдік үлгідегі университет қалашығы салынса деген арманым туғанын жасырмаймын. Ол ой маған Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор болып жүрген кезде  келіп, сол ойымды іске асыру үшін Өскеменнен арнайы жүз отыз гектар жер бө­лі­ніп, Үкіметке хат жазылып, осы мәселені енді бастап жүрген кезде Маңғыстаудағы жоғары оқу орнына ректор болып ауыс­тым. Көкейдегі арман-ойымды іске асырудың сәті түсіп, Ақтаудың жаңа шағын ауданынан елу төрт гектар жерден студенттер қалашығын бастадық. Университеттің биік бас ғимараты Ақтау қаласының сәулетіне сәулет қосты. Университет кампусының барлық оқу зертханалық базасы, жатақханасы да шетелдегі өзім көрген, оқыған университеттердің үлгісінде жасалып, игілігімізге қызмет етуде. Университет қалашығының салынуы тікелей Елбасының тапсырмасымен жүргізілуде. Оқу орнының бас ғимараты, 500 орындық жаңа үлгідегі жатақхана, жүзу бассейні бар студенттік спорт кешені пайдалануға берілсе, енді жас­тар сарайы, кітапхана, оқу ғимараты, техносаябақ, инжиниринг орталығы, ғалымдар үйінің құрылысы кезекте тұр.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жоғары білім беруді заман талабына сай жетілдіріп, халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізуге батыл қадам жасап, сырт бейнесімен де, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйым­дастыру жағынан да рес­пуб­ликамыздағы жоғары оқу орындарының алдыңғы сапында келе жатыр.  Оқу ордамыздың миссиясы – бүгінгі әлемдегі өзге­рістерге икемделуге қабілеті жоғары білікті мамандар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлап, еліміздің ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді ықпал ету болып табылады.

ACQUIN  аккредитациялау орталығының сарапшылары үс­ті­міздегі оқу жылы басталар шақта университеттің «Мұнай-газ ісі» және «Машина жасау» ма­мандықтарын халықаралық аккредитациядан өткізу үшін арнайы келіп, аталмыш мамандықтардың зертханаларын аралап, оқу жүйесімен егжей-тегжейлі таныс­ты. Сонымен бірге, олар екі ма­мандықтың студенттерімен кездесулер өткізіп, сұхбаттар жүргізді. Нәтижесінде өңірімізге сай мамандар қажеттілігіне сәйкес дайындалатын «Мұнай-газ ісі» және «Машина жасау» мамандықтары халықаралық аккредитациядан еш сүрінбей өтті.

Біздің оқу ордамыз республикада оқу-зертханалық база бойынша алғашқы орындардан көрініп келе жатыр.

Мамандар даярлау сапасын арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу бағытында мақсатты қызметтер жоспарланды. Соның ішінде алыс-жақын шетелдерден студенттерге арнайы дәріс оқуға профессорлар шақыру – оқу ордасындағы инновациялық қызметтің бірі. Алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен келісім-шарт негізінде халықаралық ынтымақтастық жасау жыл сайын еселене даму үстінде.

Білім берудің инновациялық үлгілері білім берудің ұлттық жүйелерін интеграциялық жақын­дату идеясы негізінде әлемдік стандарттарға бейімдеу жүйесін білдіреді. Ол қазіргі білім берудің заманауи сапалық деңгейін қа­лыптастыруға, білім беру жүйе­ле­рін халықаралық үйлестіру мен ұлттық бағдарламаларды мо­дернизациялауға мүмкіндік береді. «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», деген Елбасының сөзінен туын­да­ған осы талаптар үдесінен шығу мақсатында Ш.Есенов атын­дағы Каспий мемлекеттік технологиялар университетінің ұжымы да аянбай еңбек етуде. Білім, ғылым саласындағы бар­лық жұмыс Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың әр жыл сайын­ғы халыққа Жолдауында нақ­ты­ланған тапсырмалардың аясында атқарылып келе жатқанын атап айтамын. Әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына қосылу жөніндегі  стратегиялық мақсат ұлттық идеяға айналары сөз­сіз. Соңғы 15 жылда білім алу­ға жұмсалатын қаржының 9,5 есе өскені де көңіл қуантарлық. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған мем­лекеттік бағдарламаның іске асырылуы – жаңа буынның жедел әрі сапалы білім алуларына жасалған жағдай. Еліміздің жаһандық саясаттағы рөлі де айқын. Қа­зақ­­стан­­ның ядролық қаруды та­ратпаудағы көшбасшылығы бас­­қа мемлекеттер үшін үлгі­ге ай­налды. Қазақстанның тұтас­ты­ғын сақтай отырып, дамыту мін­детін белгілеуі, ішкі сая­си тұрақтылық пен ұлттық бір­лік­ті нығайтуы, еліміздің бү­гін­­де мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналуы, «Қазақстан-2030» Стра­тегиясының белгіленген мез­гілінен бұрын іске асуы – Елба­сы­ның көрегендігінің айқын дәлелі. Қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағыты біздің университетте де жалғасын табуда.

Каспий маңында орналасқан бес мемлекеттің шекарасында тұрғандықтан, университет алдында тұрған міндеттердің бірі – әлемдік білім беру кеңістігі арқылы халықаралық байланыстарға кірігу, сөйтіп, білім сапасы жоғары оқу орны мен оның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды фак­торына айналуы. Қазір универ­си­теттің алдында бірінші кезек­тегі міндет – халықаралық байланыстар жүйесіне әлемдік бі­лім кеңістігі арқылы кірігу бо­лып табылады, онда білім са­па­сы жоғары оқу орны мен оны бітірушілердің бәсекеге қабі­леттілігінің басты факторы бол­мақ. Университетімізге өткен жылы қырықтан аса шетелдік про­фессор келіп, дәрістер оқыды. Шетелдік ғалымдар біздің жас­та­рымыздың өте талантты екенін атап айтып жатады. Сонда олар кіммен салыстырады?! Олар өздеріндегі жастармен салыстырады. Халықаралық деңгейде біздің жастарымыздың танымдық өрісі ешкімнен кем емес.

Өзінің Жолдауында елде бар­лығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейтіндігіне қынжылыс білдірген Елбасы Үкімет және жергілікті органдар алдына дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула ны­сандары құрылысы бойын­ша шаралар қабылдауды міндеттеді. Бұл орайда университет кампусынан жүзу бассейні бар жас­тарға арналған спорт кешенін студенттердің игілігіне ұсынуы­мыз да – Елбасының саясатын қолдауымыздың жарқын бір дәлелі. Университетімізде спортты дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асуда. Күні кешегі Лондон олим­пиадасында мерейімізді асқақтатқандардың ішіндегі күміс жүлдегер Әділбек Ниязымбетов –  біздің Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенті.

Біз Каспий теңізі айнала­сын­дағы мемлекеттік универ­си­теттердің ассоциациясы құ­рамындамыз. Ассоциацияның негізгі мақсаты – Каспий теңізі мәселелерін шешу және ғылыми-зерттеу орталықтарының ынты­мақтастығы болып табылады. Қазіргі таңда бұл ассоциацияға 51 университет мүше болып отыр. 2013 жылы Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттер ассоциациясының XVI бас ассамблеясы және VI Универсиадасы (спорттық ойындар) Ақтау қала­сын­да Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында өтпек. 1000-ға жуық студент қатысатын универсиадаға қызу дайындық жұмыстары да басталып кетті.

Ұлы мұрат пен елдік мүддені көздеген маңызды Жолдаудың қазақстандықтарды алыс бола­шақ­қа бастайтыны ақиқат. Біз болашаққа нық сеніммен қа­рай­мыз, біз жаңаша дамудамыз. Және бұл үшін бізде ең бас­тысы бейбітшілік пен тұрақ­тылық бар, Қазақстанның жар­қын болашағына қызмет ете­тін жастарымыз бар. «Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық… Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!» деген Президентіміздің оптимистік рухтағы сөздері бәрімізге үлкен серпін берді.

Мәңгілік Ел болудың жаңа межесін белгілеген бұл құжат келешегіміздің кемелдігіне көз жеткізгендей.

Әбдімүтәліп ӘБЖАППАРОВ,

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

технологиялар және инжиниринг

университетінің ректоры, профессор.

АҚТАУ.