Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:07
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетілген халыққа қолжетімді әрі сапалы кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері бойынша мәжіліс депутаттары Д.Назарбаева, Г.Исімбаева және Г.Иқсанованың қатысуымен Алматы қаласының Әуезов ауданындағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының басшыларымен және «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бастауыш партия ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті.
Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:07
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетілген халыққа қолжетімді әрі сапалы кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері бойынша мәжіліс депутаттары Д.Назарбаева, Г.Исімбаева және Г.Иқсанованың қатысуымен Алматы қаласының Әуезов ауданындағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының басшыларымен және «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының бастауыш партия ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті.
Депутаттар Жаңа технологиялар колледжінің бірнеше кәсіптік-техникалық базасын аралап, оқытушылар мен студент-жастар құрамының жұмысымен танысты. Мұнда Үкімет тарапынан кәсіптік бағытта атқарылған нәтижелі жұмыстар мен оқу орнының заман талабына сай мамандарды дайындаудағы жаңашылдығы мен іскерлігі іс жүзінде толық көрсетілді. Сондай-ақ жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында жаңадан жасалатын әлеуметтік стандарттардың мәні, оларды тиімді қолданысқа енгізуді қамтамасыз ететін заң қабылдау қажеттігі айрықша аталды.«Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров жаңа технология колледжінің белсенді азаматтарын партия мүшелігіне қабылдау мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваға тапсырды. Салтанатты рәсімнен кейін Дариға Назарбаева Елбасының Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы еліміз азаматтарының әлеуметтік толысуы мен өмірін жақсартуды көздейтінін атап өтті. Және ел халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтуда Елбасы айналасына топтасуының негізі болып табылады. Сондықтан бізде мақсат та, жоспар да, тапсырма да бар, деді депутат.
***
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының төрағасы Азат Перуашев Шымкентке келді. Алғашқы кездесуін партияның облыстық филиалының кеңсесінде өткізген ол жиналған партия активіне Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы жөнінде жан-жақты айтып берді.«Қазақстан-2050» Стратегиясы – еліміздің қуатты мемлекетке айналып келе жатқанын айқындайтын құжат. Мәселен, салық жүйесіндегі біздің айтып жүрген ойларымыз Жолдауда көрініс тапқан. Еліміздің мүддесіне жұмыс істеуіміз керек. Бай мен кедей арасындағы алшақтықты жою жолдарын ұлт зиялылары да ойластырулары қажет. Демография мәселесі күрделі күйінде қалып отыр, деді А.Перуашев.Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының (ОҚОФ) төрағасы А.Орман, ОҚОФ төрағасының орынбасары А.Қаражанов, ОҚОФ комиссия төрағасы О.Омаров, облыстық мәслихаттың депутаты Қ. Тұрлыбек, «ҚазБілімЖабдықтау» ЖШС директоры Ә.Сыздықов, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС жауапты қызметкерлері Б.Құлбек, Б.Жолдаров қатысты. Олар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын қызу қолдайтындықтарын, алда тұрған үлкен міндет дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін білдірді.Азат Тұрлыбекұлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, оны шешудің жолдарын айтты. Кездесуді қорытындылай келе, осында көтерілген мәселелердің барлығы сарапталып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді. Партия жетекшісі қатысушылармен қуанышты жәйтті бөлісті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы үздік филиал деп танылған. Партия төрағасы арнайы дипломды филиал төрағасы Анарбек Орманға салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, партия белсендісі Мұса Пәтеевке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
***
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Маңғыстау облысына келген Мәжіліс депутаттары – ҚКХП фракциясының мүшесі Ж.Ахметбеков Жаңаөзен қаласында, С.Оспанов Жыңғылды ауылында болды.Ж.Ахметбеков Жаңаөзен қаласымен жапсарлас орналасқан Теңге және Қызылсай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Оқырмандарымыз газет арқылы хабардар болғандай, жуырда ғана бұл екі ауылдың әрқайсысында 300 орындық жаңа мәдениет үйі, сондай-ақ Теңгеде дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, қуаныш құшағында отырған еді.Кездесуде Елбасы Жолдауы жайлы, «Халық коммунистері» фракциясының жұмысы, Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өзінің атқарған қызметі туралы баяндаған Ж.Ахметбеков өзі алғаш келіп тұрған Жаңаөзен қаласы туралы оң пікірін білдірді.Ал депутат С.Оспановтың сапары Маңғыстау ауданында өрбіді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын қабылдауы – жас мемлекетіміз үшін тарихи оқиға болды. Біз бүгін аталмыш стратегияда белгіленген негізгі міндеттердің өз мерзімінен бұрын орындалғанына куә болып отырмыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – елді еңселі істерге бастайтын басты бағдарламаға айналатын болады», деген Серік Жәмекұлы Жыңғылды ауылына үлкен сыймен келіпті. Жұртшылықпен жүздесу барысында депутат осы жаңалықты жеткізіп, жерлестер қуанышын бөлісті.Жыңғылдыдағы облыстағы аз қамтылған отбасылар балалары тәрбиеленетін интернаттың іргетасы 1961 жылы қаланған. Тозығы жеткен нысанның осыдан екі жыл бұрын жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша апатты жағдайда екендігі анықталған. 2012 жылы осы ауданға келгенде көне мектеп мәселесімен танысқан С.Оспанов оны тиісті орындар құзырына ұсынған болатын. Енді, міне, бұл мектеп бұзылып, республикалық бюджеттен қаралған қаражатқа жаңа мектеп тұрғызылады екен.
***
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Азамат Әбілдаев Алматы облысының Балқаш ауданында халықпен кездесті.
Депутат Миялы ауылдық округінде өткізген кездесуінде сайлаушыларға алдымен Елбасының Жолдауында айтылған Қазақстанның осы күнге дейін бағындырған белестерін және қазіргі жағдайын тереңнен талдап, еліміздің даму перспективаларына жеке-жеке тоқталды. Халық өздеріне жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары С.Смағұлов, «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қаңтарбаев және 300-ден аса адам қатысты.А.Әбілдаев келесі кезекте атбасын Бақанас ауылына бұрды. Депутат бұл ауылда «Өтес» агрофирмасы ұжымымен кездесті. Ұжымның атқарып жатқан жұмыстарымен, «ҚазАгроқаржы» АҚ қолдауымен 5000 бас ірі қараны бордақылауға арналып салынған кешенмен және арнайы мал соятын цехтармен танысты. Қазіргі уақытта бұл кешенде 2000-ға жуық ірі қара бордақылануда.Депутат Ақжар елді мекенінде де жергілікті тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасының халыққа Жолдауындағы басымдықтар туралы кеңінен әңгіме қозғады. Енді біз Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек етуге тиіспіз, деді ол.А.Әбілдаевтың халықпен жүздесуі Алматы облысындағы Қапшағай қаласында да өтті.
***
Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов Астана қалалық ардагерлер ұйымы белсенділерінің отырысына қатысты.Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты мәселелер қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады.Іс-шараның нәтижесінде Президент Жолдауын қолдайтын белсенділер шешімі қабылданды.Басқосуға 200-ден астам ардагер мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева қатысты.
***
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Құралай Қаракен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, яғни Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының және Ақтөбе қалалық №1 емханасының ұжымдарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.Одан әрі депутат облыста «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құрған партиялық бақылау бекетінің ашылуына қатысты.