Сейсенбі, 29 қаңтар 2013 7:39
Астанада on-line режімінде жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлік басқармалар жетекшілері және республикалық жастар ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен кездесу өтті. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қаралып, болашаққа мақсат-міндеттер белгіленген басқосуға еліміздің Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл жастары», «Жасыл ел», «Қазақстанның жас депутаттары», «Жас қыран» сынды ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Елбасы Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын талқылап, жобаға өз ұсыныстарын енгізуді жастар ұйымдарының көшбасшыларына тапсырған еді.
«Екінші съезд өткеннен кейін, барлық өңірлерді аралап, кездесулер ұйымдастырдық. Бұл басқосуларда әр жастың ой-пікірін тыңдап, оларды ескеруге тырыстық. Ауыл жастары да үлкен шаралардан шет қалмады. Олар да өз проблемаларын айтып, ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса, зауыт, кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшы жастармен де кездесулер ұйымдастырылды», – деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов. Оның айтуынша, ел жастары үлкен жауапкершілік танытып, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын талқылауға белсенді қатысқан.
«Біз бұл жұмысқа жастарды көбірек тартуға тырыстық. Тұжырымдаманы талқылау барысында жастардың тарапынан үлкен қызығушылықты байқадық. Олар бұл тұжырымдама жастар саясатының түпқазығы мен өзегі екенін жақсы түсініп, оны жан-жақты сын тезінен өткізді», – деді өз сөзінде «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.
Кездесу соңында жас белсенділердің тарапынан түскен ұсыныстар негізінде мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, ол Жастар ісі жөніндегі комитеттің қарауына ұсынылды.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».