• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2013

Еңбек. Бәрін де жеңбек

1002 рет
көрсетілді

Еңбек. Бәрін де жеңбек

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:23

Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­­рай 20 қадам» атты бағдарламалық ма­қаласында, бірінші кезекте, адам­ның және бүкіл қоғамның еңбекке қатынасы мәселесіне назар аударады. Жалпыға Ор­тақ Еңбек адамның еңбекке жа­уапкершілігі артқан кезде ғана мүм­кін бола­ды. Қолға алынып отыр­ған әлеуметтік жаңғырту ең­бекті адам өміріндегі аса ма­ңызды құндылық ретінде баға­ланатындай жағдайға әкелуі тиіс. Қазір еңбекке, жаңа еңбек этикасына қатысты ерекше көз­қарас қалыптастыру қажеттігі көкейкесті бола түсуде.

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:23

Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев «Қа­зақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­­рай 20 қадам» атты бағдарламалық ма­қаласында, бірінші кезекте, адам­ның және бүкіл қоғамның еңбекке қатынасы мәселесіне назар аударады. Жалпыға Ор­тақ Еңбек адамның еңбекке жа­уапкершілігі артқан кезде ғана мүм­кін бола­ды. Қолға алынып отыр­ған әлеуметтік жаңғырту ең­бекті адам өміріндегі аса ма­ңызды құндылық ретінде баға­ланатындай жағдайға әкелуі тиіс. Қазір еңбекке, жаңа еңбек этикасына қатысты ерекше көз­қарас қалыптастыру қажеттігі көкейкесті бола түсуде.

Капитализм өзінің еңбек этикасымен және мәдени-ментальді дәстүрімен кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін үлгіге айналғалы біраз уақыт өтті. Олар­дың тәжірибелері көрсетіп отыр­ғанындай, өздерінің адам­гершілік сенімдеріне сәйкес, жұрт­шылықты жауапкершілікті ең­бекке тарту үш әдіс-тәсілмен жү­зеге асырылуы мүмкін. Бірін­ші – адамдарды осы рухта тәр­биелегенде (Батыс, Жапония, Оңтүстік Корея). Екінші – дәстүр ұйымдасқан түрде боямаланғанда (Тайвань, Малайзия). Үшінші – тікелей әкімшілік немесе заңнамалық мәжбүрлеу жүзеге асырылғанда (Сингапур).Батыс демократиясының же­текші елдеріне қатысты айтатын болсақ, олардағы еңбекке жауапкершілікті көзқарас ға­сыр­лар бойы қалыптасты. Бұл үдеріске қоғамдық институттар да айтарлықтай үлес қосты. Ал қазіргі заманғы еңбек этикасының пайда болуына оң ықпал еткен объективті факторлар мыналар:- меншік иелерінің бұқара табының қалыптасуы;- меншікке құқықтың мыз­ғы­мас кепілдігі;- нарықтық қатынастар субъ­ектілерінің өзін өзі жетілдіруін үздіксіз ынталандыратын нақты бәсекелі нарықтық орта (компаниялар, өндіріс құралдары мен капиталдар меншігінің иелері, жалдамалы жұмыскерлер);- мемлекеттің экономиканы инновациялық дамыту үшін, сон­дай-ақ мемлекеттік және кор­поративтік секторлардың кадрлық әлеуетін жаңғырту және дамыту үшін ерекше жағдай жасау;- діннің азаматтарды адам­гершілік тұрғыдан тәр­бие­леуге айтарлықтай ықпалы;- орта таптың сана-сезімі құн­дылықтарын отбасылық және мектептік тәрбиелеу дәстүрі;- мәдениет пен қоғамдық мо­ральда «бәрін өз еңбегімен жа­саған адамды» үлгі алатын тұлға ретінде көрсету;- «өзін өзі жасаған» адам бей­несін үлгі етіп көрсету бойынша жалпыға ортақ жұмыс.Әлеуметтік және еңбек қаты­настарының жаңа этикалық тұ­жырымдамалы ұстанымдарын қоғамның барлық субъектілері бір ыңғайда түсінулері тиіс. Бұл өмірдің капиталистік үде­рістерінің құнды бағдарлары болған жағдайда қоғамға пайда әкелуі ықтимал. Оларды заңдастырудың аса ұтымды әдіс-тәсілі осы құндылықтарды біздің рухани өмір шындығымызға жалпыұлттық пікірталас және бейімдеу тұрғысынан мазмұндау болатыны күмәнсіз.Талқыланып отырған та­қы­рыпқа орай төмендегі не­гіз­демелерді пайдаланудың ұтымды болатыны анық:- еңбек – әлеуметтік игіліктер мен қажетті әлеуметтік мәртебеге қол жеткізудің жалғыз ұтымды көзі;- тиімді еңбек – адамның та­быстылығы мен әл-ауқатының басты өлшегіші;- азат адамдардың бірлескен еңбегі қоғамның прогрессивті, еркін дамуына әкеледі;- өзіңнің бәсекеге қабі­лет­ті­лігіңе негізделген жеке әлеу­мет­тік табысың – басқалар үшін үлгі боларлық идеал.Жауапкершілікті, тиімді ең­бек туралы білімді тарату айтарлықтай маңызға ие. Өйт­­кені, мұндай жағдайда біз күр­делі міндет болып табылатын ұлт­тық ділді түбірінен жаңғырту қажеттігімен бетпе-бет келеміз. Осы үдеріске барлық бұқаралық ақпарат құралдарының (баспа, электронды БАҚ, теле­визия, радио) және елдің интеллектуалды-шығармашыл элитасының (кино өндірісі, жазушылар қо­ғам­дастығы, ғалымдар, педагогтар) қатысуы айтарлықтай маңызды.Біздің еліміздің ерекшелігі сонда, ол дамыған елдер сияқ­ты классикалық нарықтық қа­тынастардың табиғи пісіп-жетілуі үшін қажетті тарихи кезеңді басынан өткерген жоқ. Қазақстан – индустрияландыруға дейінгі, индустриялы және индустрияландырудан кейінгі елдердің белгісі қатар көрініс тапқан мемлекет.Қазіргі заманғы нарықтық қарым-қатынастар үдерістерінің тез жүруіне байланысты адам­дардың мінез-құлқы тек эко­но­микалық және құқықтық құралдар арқылы ғана қалыптасса, уақыт рухына жауап беретін дүниеге көзқарас құндылықтарының жүйесі әлі де болса орнығып үлгерген жоқ. Сондықтан бүгінде тұрғындарды Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы құндылықтарына тарту жұмыстарына барлық қоғамдық институттар – мәдениет, білім беру, отбасы, кәсіподақтар, дін салалары бірі қалмай тегіс қатысулары тиіс.Қаржы мүмкіндіктері, қа­зір­гі заманғы технологиялар, на­­рықтық экономикаға қажетті ин­фра­құрылымдар болуы ықтимал, бірақ бұлардың барлығы, егер еңбек адамының, Жалпыға Ор­тақ Еңбектің жауапкершілікті және шығармашылық тұрғыдан ынталандырылған субъектісінің рөлі толық көлемінде сезілмейтін болса, онда мемлекет заманауи дамыған ел деңгейіне көтеріле алмайды.Әлеуметтік жаңғырту мәсе­лесінің мәнін осылайша түйсіну қоғамда кеңінен таралуы тиіс. Осыған байланысты қоғамдық институттардың әлеуетін аталған проблемаларды шешу үшін жұмылдыру аса көкейкесті міндет болып табылады.Кезінде араларында аса ма­ңыздылары еңбек пен отбасыға жауапкершілікті қарым-қатынас, ынталылық, тәртіптілік, бай­лық­қа ұмтылыс, үнемділік, адал­дық, сөзге беріктік, заңға бағы­ныш­тылық, билікке құрмет, ке­дей­шілікті жақтырмаушылық пен сауатсыздыққа қарсы күрес болып табылатын протестанттық құндылықтар Батыс Еуропа мен АҚШ азаматтарының нарықтық экономиканың өмір шындығына және либералды демократияға ырғақты түрде қосылуына оң ықпал етті.Оның үстіне, христиан құн­дылықтары экономика мен қоғам игілігін қамтамасыз ету салалары арасындағы қабылдауға тұрарлық тепе-теңдікке қол жеткізудің не­гізгі факторы болған еуропалық құқықтың негізіне айналды. Олар­дың ішіндегі маңыздылары діни ауқымнан әлдеқашан шығып, дамыған елдер қоғамында әдеттегі қалыпты моральдық практика болды.Жапондықтар сана-сезімінің бөлінбейтін бөлшегі саналатын буддизм мен синтоизм құн­дылықтары ұлтқа өздерінің озық қадір-қасиеттерін сақтап, өмірдің түрлі салаларында адам айтқысыз нәтижелерге жетуіне мүмкіндік берді. Бұған Ли Куан Ю конфуцийлік ізгі ниеттілер арқылы заңның үстемдігі мен елдегі заң алдында барлығының тең екендігі қағидатын сіңірген Сингапурдың оң мысалын келті­руге болады.Еуропалық құқыққа қатысты айтатын болсақ, еңбек құрал ретінде түрлі реттеушілік және нормалық құқықты бекітуді талап етті. Батыста еңбек этикасы елдің экономикасын дамыту негізінде қалыптасты.Орта ғасырлардан кейін ка­питалистік жүйені, бірінші ке­­зекте, оның экономикасын қа­лыптастыру басталды. Міне, дәл сол кезде, деп мәлімдейді Адам Смит өзінің «Халықтар байлығы» деп аталатын кітабында, әркім өзі­не жұмыс істеуі тиістігі және бұл адам мен қоғамның қа­лып­ты табиғи қажеттілігі екені айқындала түсті. Бұл айқындылық еңбек моралі мен этикасына қажеттілікті туындатты.Нидерландтық және ағыл­шындық буржуазиялық революция әлеуметтік-саяси қатынастар саласында төңкеріске, құқық саласындағы айтарлықтай өзге­рістер мен жаңа құқық тәртібін қалыптастыруға жол салып берді. Құқықтық жүйе биігіне адамның жеке тұлғасы шығарылды. Адам құқы ажырамайтын және киелі нәрсе ретінде жарияланып, олар азаматтың көпшілік және жекеменшіктік салалардағы құқықтар кешенімен бекітілді.Негізгі қағидаттар қатарында заңнамалық теңдік қағидатын бөліп көрсетуге болады. Заңна­ма­­лық теңдік капиталистік ша­­руашылық жүйесі қызметі не­­гіздерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің, сауда-саттықтың, бәсекелестіктің ер­кіндігін білдіретін еркіндік қа­ғидаты үлкен маңызға ие. Жаңа кәсіпкер-капиталистердің эко­но­микалық және әлеуметтік қа­тынастарға мүдделілігі негізгі қа­ғидаттар қатарына заңдылық құқығы мен қағидатын, оның ішінде еңбек құқығы қағидатын ілгерілетті.Джон Локк табиғи құқықтарға айтарлықтай кең ауқымды қам­титын меншікті жатқызған болатын. Ол өз іс-әрекетіне, өз еңбегі мен оның нәтижесіне құқықты қарастыратын еді. Локк бойынша, еңбек ортақ меншіктен «менікі» мен «сенікі» деп бөлінеді, өйткені, меншік дегеніміз – жеке адаммен тікелей байланысты және одан бөлінбейтін дүние. Адам өзі­не табиғат берген нәрседен өзі­нің еңбегімен жасап алған дү­ниесін оның меншігі етеді, дейді Локк. Жеке меншікті не­гіз­деу социалистердің бәрін де теңдестіріп қоюға деген теориясына қарсы бағытталды: егер адамдар еңбексүйгіштігі, қарым-қабілеті мен үнемділігі бойынша тең емес болса, онда жекеменшіктік те тең бола алмайды.Көріп отырғанымыздай, Ба­тыста еңбек этикасы еуропалық, буржуазиялық құқық арқылы бе­кітіліп келді. Осылайша, Еуропа адамының еңбекке деген ерекше қарым-қатынасы заңдық тұр­ғыдан легетимді болды, оны жү­зеге асыру императивтік дер­лік сипат алды. Еңбек қыз­ме­ті мен қатынастарының жаңа қағидаттары заң арқылы қалып­тастырылды.Мемлекет басшысы Нұр­сұл­­­тан Назарбаев өзінің бағ­дар­ла­­ма­лық мақаласында әлеуметтік са­ладағы, әсіресе, мұның еңбек заң­намасына тікелей қатысы бар, ұлттық заңнаманы қайта қа­рау және сараптамадан өткізу ту­­ралы міндетті кездейсоқ қо­йып отырған жоқ. Қазір бізге, бі­­ріншіден, «еңбек» түсінігінің жа­­ңа мағынасын айқындап алу қа­­жет. Сондай-ақ «Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамын» түйсініп, мә­нін ашу керек. Қазіргі заманда ең­бек дегенді қалай түсінеміз? Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамы идея­сын қалайша іс жүзіне асы­руға болады? Екіншіден, еңбек заң­намасын жетілдіру керек. Ос­ындай жағдайда ғана біз Қа­зақ­станда жауапкершілікті және шы­ғармашылық тұрғыдан мүдделі ең­бек адамын қалыптастыра аламыз.

Болат БАЙҚАДАМОВ,«Нұр Отан» ХДП Парламентаризминститутының директоры.