• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2013

Әріптестік байланыстың тиімді жолы

351 рет
көрсетілді

Әріптестік байланыстың тиімді жолы

Жұма, 22 ақпан 2013 7:25

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен Бұқаралық ақпарат құралдары  /БАҚ/ мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің бірінші отырысы  өтті. Оған республикалық, жергілікті басылымдар өкілдері, ардагер журналистер, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері,  ведомостволар басшылары қатысты.

 

Жұма, 22 ақпан 2013 7:25

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен Бұқаралық ақпарат құралдары  /БАҚ/ мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің бірінші отырысы  өтті. Оған республикалық, жергілікті басылымдар өкілдері, ардагер журналистер, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері,  ведомостволар басшылары қатысты.

Аймақ басшысы қоғамдық кеңестің құрылу себебін түсіндіре келіп, мемлекеттік ақпараттық сая­сат­ты қалыптастыру бойынша ұсы­ныстар әзірлеу, БАҚ саласында қо­ғамдық қатынастарды жетілдіру, жоғары этикалық және кәсіптік қағидаттарды дамытуға жәрдемдесу, өңірлік ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету секілді міндеттер жүк­телетінін, соған орай қоғамдық пікір мен азаматтық ұстанымды қалып­тас­тырудағы «төртінші билік» иелері рөлі­нің ерекшелігін алға тартты. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру талаптарын қойды. Сондай-ақ мемлекет, қоғам, ұлт ретінде өмір сүруіміздің басты алғышарты қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылатынын атап көрсетті. Бұл орайда, билікке де, БАҚ-тарға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бәріміз қоғамды біріктірушілік қызметіне бірігіп атсалысуымыз керек, деді облыс әкімі.Ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Әлішев жергілікті ақпарат кеңістігі жайлы мағлұмат берді. Жыл өткен сайын мемлекеттік тапсырыс мөлшері артып, бүгінде 425,5 миллион теңгені құрап отыр. Тіркеудегі 70-ке жуық БАҚ беттерінде облыс өміріне қатысты мақалалар мен проблемалық мәселелер жүйелі жария­ланып келеді. Десек те, шешімін табатын жәйттер жоқ емес. Мемлекеттік органдардың БАҚ-тармен байланысы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Өйткені, интернет-ресурстардың жетімсіздігінен сайттардың жаңартылмайтыны, ақпараттардың кешігіп берілуі, болмаса ескіріп қалуы сияқты оғаштықтар кездесіп қалады. Сол сияқты кей мекемелерде баспасөзге жауаптылық міндеті кездейсоқ адамдарға жүктеле салған. Талдамалы түсініктемелер беруге олардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жете бермейді. Соған орай, баспасөз хатшыларының оқуларын ұйымдастыру, семинарлар, тренингтер өткізу ұсынылды.«Әділ-Арқа» қоғамдық қорының төрайымы Зәуре Жұмалиева өз ойын  «тәуелді және тәуелсіз» басылымдар төңірегінде өрбітті. Ол жеке меншік басылымдарға да мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеу мүмкіндігін беруді өтінді. Меншікті тілшілер Светлана Пышкина, Амантай Ербақыт мәлімет, дерек алу қиындығын сөз етсе, облыстық «Северный Казахстан» газетінің шеф-редакторы Назгүл Сүлейменова, қалалық «Проспект-СК» газетінің редакторы Юлия Пронина БАҚ өкілдерін әкімдік жиындарына жиі қатыстыруын құлаққағыс етті. Ардагер журналист Галина Воробьева пошта мен БАҚ байланысының төмен­дігіне қынжылыс білдірді. «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-нің бас редакторы Кәрібай Мұсырман аудандық газет­тердің материалдық-техникалық базасын және кадр құрамын нығайтуға, жергілікті теледидарларда өткір материалдардың көрінбей кеткеніне жиналғандардың назарын аударды. Басқосуда облыстық ішкі істер департаменті жанындағы баспасөз қызметінің жетекшісі – Мәдина Бал­ғашоқова жұмысы үлгі етілді.Самат Сапарбекұлы қорытынды сөзінде БАҚ-тардың міндеті – адамдар бойында елге, жерге, Отанға деген мақтаныш сезімін ұялата отырып, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын жан-жақты түсіндіру, бұл орайда жариялылық, ашықтық, дәлдік, шындық басты өлшем болып табылатынын тағы бір еске салды. Ведомстволар басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей әріптестік байланыс орнатып, бірінші кезекте мүдделілік танытуды, билік пен халықты жақындастырудың барлық жолдарын қарастыруды жүктеді.Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».Солтүстік Қазақстан облысы.