• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2013

Пікір алмасуға қол жеткізу – үлкен табыс

328 рет
көрсетілді

Пікір алмасуға қол жеткізу – үлкен табыс

Жұма, 1 наурыз 2013 7:59

Бұл жолғы кездесу барысында ЕО мен «алтылық» мемлекеттері өкілдері Иранның ядролық бағ­дар­ла­масын реттеуге қатысты жаңа ұсы­ныстарын жариялады. Яғни, «алтылық» өкілдері Иранға ядролық бағдарламасына қатысты ашық ақпарат беруді талап етіп, егер ке­лісімге қол жеткен жағдайда Батыс мемлекеттері тарапынан қойыл­ған бірқатар санкциялардың алынатындығы жөнінде мәлімделді. Алматыда өтетін келесі кездесуге дейін Иран тарапы ұсыныстарды қарастырып, шешім қабылдауы тиіс.

Иран тарапы да «алтылықпен» нақты келісімдерге келуге дайын екендігін және бұл мәселені күш көрсету арқылы шешуге болмайтындығын айтып отыр. Жоғары деңгейдегі келесі кездесу сәуір айында Алматыда өтпек, оған дейін сарапшылар деңгейінде кездесулер өтіп, нақты қадамдар жасалмақ.

Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі Алматыдағы келіссөздер белгілі бір деңгейде нәтижелі болды деп айтсақ, ақиқаттан тым алшақ кетпейміз. Бұл жолы тараптардың өзара түсіністікке және бір-біріне деген сенімнің артуына бейбіт, дипломатиялық жолмен қадам жасауына мүмкіндік туды. Қазақстан мәселені талқылауға тікелей араласпаса да, оның нәтижелі өтуі үшін барлық жағдайды туғызып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердің тең төрағаларымен кездесіп, оларға табыс тіледі.

Күрмеуі қиын күрделі мәселеде тараптарды бір үстелдің басына отырғызып, негізгі мәселелер бойынша пікір алмасуға қол жеткізу – үлкен табыс. Ал бұл іске ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан біздің еліміздің үлес қосуын да айтарлықтай жетістік деп бағалауға әбден болады.

Қазақстанның күрделі жа­һандық мәселелерді талқылаудағы жинақтаған мол тәжірибесі бұл үдерістің оң шешілуіне өз ықпалын тигізеді деп үміттенейік.

Нұрлан СЕЙДІН,

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің

«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

бас директорының орынбасары, саясаттанушы.