• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2013

Проблемаға жаңа көзқарас ұсынылды

300 рет
көрсетілді

Проблемаға жаңа көзқарас ұсынылды

Жұма, 1 наурыз 2013 8:03

Иран проблемасын тек дип­ломатиялық жолмен, халықаралық келіссөздер арқылы шешу керек екеніне сенімім кәміл. Және де халықаралық бітімгершілер «алтылығының» – АҚШ, Ұлы­бри­тания, Франция, Ресей, Қытай, Германия, сондай-ақ, Теһран өкілдері кездесуінің нақ Алматыда, Қазақстан жерінде өтуі тіптен де кездейсоқ емес. Өйткені, біздің еліміз өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізе салысымен Лиссабон хаттамасына алғаш болып қол қойып, әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты.

Іс жүзінде, жаһандық тарихтың жаңа дәуірі осы сәттен басталды. Қазақстан қарусыздану үдерістеріне бастамашылық таныта отырып, оны әлемдік ауқымда әрі қарай үндеуге моральдық жағынан толық құқықты деп санаймыз. Осы тұрғыдан келгенде, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты маңызды келіссөздердің кезекті кезеңінің Алматыда өткенін заңды деп білеміз. Бұл жерде Иран Ұлттық жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилидің осы келіссөздерге ерекше назар аударғаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіруі де орынды көрінеді.

Иран – біздің Каспий теңізі бойын­дағы көршіміз. Сондықтан біз осы өңірдегі тұрақтылыққа мүд­деліміз. Бірақ бұл тұрақтылық тек бей­біт жолмен ғана қамтамасыз етілуі тиіс.

Біз проблеманың сәл де болса ілгерілеп, Алматы кездесуінің белгілі бір деңгейде нәтижелі болу дерегін қуаттаймыз. Бұл жолы проблемаға жаңа көзқарас ұсынылды. Әрине, өзінің ауқымы жөнінен күрделі болып табылатын аталған проблеманы келіссөздердің бір кезеңі ішінде оң шешіп тастау мүмкін емес екені баршаға түсінікті, ол үшін уақыт керек. «Алтылықтың» сәуір айына белгіленген Алматыдағы келесі кездесуі нақты нәтиже әкеледі деп үміттенейік.

Ким СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,

әскери ғылымдар докторы.