• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2013

Кемел келешек кепілі

824 рет
көрсетілді

Кемел келешек кепілі

Сейсенбі, 5 наурыз 2013 7:25

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің  ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Еліміздің дамып, өзге керегесі кең елдермен терезесін теңестіріп жатқаны – Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатының жемісі. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Бұл сөз тектен-тек айтылмаса керек. Біз Тәуелсіздік алып, жеке-дара мемлекет болған кезде ел тізгінін қолға алған Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан кемелдене түсті.

Сейсенбі, 5 наурыз 2013 7:25

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің  ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Еліміздің дамып, өзге керегесі кең елдермен терезесін теңестіріп жатқаны – Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатының жемісі. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Бұл сөз тектен-тек айтылмаса керек. Біз Тәуелсіздік алып, жеке-дара мемлекет болған кезде ел тізгінін қолға алған Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан кемелдене түсті.

Елбасының көптің ойын тың­­­дап, бірлікке тоқтап жасай­тын жұмыстары жалпы жұрт­тың жүрегіне жол тауып жатады. Президентіміз өзінің «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бұдан әрі қарыштап, еселеп дамуына жол көрсетіп берді. 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы жарияланып, еліміз ел тарихында бұрын-соңды болмаған дамудың даңғыл жолына түсті. Шетелдік тісқаққан саясаткерлер мен жаһандық саясаттанушылар әлемде ешбір мемлекет мұндай деңгейде дамымағанын айтады. Мұның барлығы – еселі еңбекке, қажыр-қайратпен жасалған жұмысқа берілген баға.«Нұр Отан» ХДП-ның Мә­жі­лістегі фракциясының шешіміне сәйкес депутаттар еліміздің өңір­леріне барып, сайлаушылармен кездесулер өткізуі – қалыптасқан дәстүр. Бұрынғыдай әр депутат өзі туып-өскен немесе қызмет жасаған өңіріне барумен шектелмей, парламенттік фракция шешіміне сәйкес еліміздің әр өңірлеріне атбасын тірейді. Мәселен, өзім Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өсіп, қызмет жасаған едім, бірақ партияның шешімімен өткен жолғы сапарымда Қызылорда өңірін аралаған болсам, жылдың басында Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау және түсіндіру мақсатында Жамбыл облысына барып, 18 елді мекенде болдым. Соның ішінде Тараз қаласында, облыстың Жамбыл, Жуалы, Тұрар Рысқұлов және Қордай аудандарында болып, тұрғындармен 22 рет кездесу өтті. Ел арасында жүргенде халықтың Елбасына деген ерекше құрметін байқадым. Қай жерде болса да мектеп оқушысынан бастап, зейнеттегі қарт кісілерге дейін мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық, қолдау көрсетіліп отырғанын айтты, Елбасына рахметтерін жеткізіп, ол кісінің аман-саулығын тіледі.Кездесулердің бірінде сөз алған қария: «Мен қалада тұрайыншы деп әуре болмаймын. Қазір ауылдағы үйімде де барлық жағдайым жасалған. Баяғыда шетелдің киноларынан қаладан бір де кем түспейтін ауылдарын көріп, аузымыздың суы құритын, сірә біздің еліміз мынадай жағдайға жету үшін кемі жүз, жүз елу жыл керек болар деп ойлайтынмын. Көзді ашып-жұмғанша жүз, жүз елу жылда жетеміз деп жүрген дамыған елдердегідей ауылға біздің ел айналасы он-он бес жылдың ішінде жетті. Сарқырап су келіп тұр, келіндер бұрынғыдай от жа­ғып әуре болмайды, газ жағамыз, үйдің іші жылы. Бұдан артық жаныңа не керек? Оған қоса, ауыл дүкенінен тұрмысыңа керектінің бәрін табасың. Бұрынғыдай қалаға сабылмайсың. Бір жеріміз ауырса, ауылдық амбулаториядан ем-дом аламыз. Қорамда бес-алты жылқы, жеті-сегіз ірі қара, отыз шақты қойым бар. Жағдайымыз ешкімнен кем емес. Халқымыз: «Тойсаң, тәубе қыл» деген. Осындай жағдай жасап берген Елбасына рахмет! Астанаға барғанда елден үлкен сәлем айтыңыздар, аман болсын!» деп ыстық ықыласын білдірді.Қарияның сөзінен соң, халық ду қол шапалақтап тұрып алды. Міне, ауылда болған кездесуде халықтың Елбасына деген ыстық ықыласы осындай зор екен. Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалып­тасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс», – деген кезде Қазақстанның болашақта тағы да өте жоғары қарқынмен дамитынын сезіндік.Сенімді қадамдар жасай білетін Елбасының үлкен ерлігінің бірі – Астана қаласын салуы. Қайсыбір істі бастауға үлкен ерік-жігер, қажыр-қайрат керек. Сонда ғана ісің оңды болып, жұрт алдындағы қағидаң айқын, жүзің жарқын болады. Осындай қайсар да парасатты мінез бойыңнан табылса ғана қала саласың. Халықтың санасын алдыға жетелейсің. Жаңашылдық үрдістің отын жағасың. Осындай асыл қасиеттерді бір бойына жинаған адам ғана әлемді мойындатқан Астанадай қала салып, халқын бір орталыққа ұйытады. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты аз ғана уақытта астана салу – кез келген ел бас­қар­ған азаматтың қолынан келе бермейтін іс. Мұндай ұлы іс – үлкен азаматтық. Ал оны мойындамау – ағаттық. Тарих алдындағы қателік. Тарих демекші… Нұрсұлтан Әбіш­ұлы – қазақ үшін үлкен іс тын­дыр­ған тарихи тұлға. Қазақта: «Бі­тер істің басына жақсы келер қасына» дейді. Тәубе! Қазақ тарихына көз жүгіртсек, нешеме нәубет замандардан аман қалғанымызды көреміз. Тіпті халық болып жер бетінен жойылып жетуге шақ қалған кездеріміз болған. Соншама зарлы күндерде жасымай, осы арайлы күндердің келеріне сенгенбіз. Сенім ақталды.Тәуелсіздік таңымыздағы тал бесігіміз – елордамыз. Ол – Елба­сының төл туындысы. Осы тұста Әуезовше айтар болсақ, «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» Міне, таңымыз тәуелсіз атқан тұста бір­қалыпты өзінің ырғағымен тербеліп келе жатқан Астана қазақтың тал бесігі. Біз – Астана дегенде көз алдымызға Нұрсұлтан Назарбаев, ал Нұрсұлтан Әбішұлы дегенде көз алдымызға арман қала Астана, Тәуелсіз Қазақстан, езулеріне күлкі үйірілген бақытты адамдар елестейтін күнге жеттік. Астана әрқашан қазақтың мақтанышы бола бергей!Н.Назарбаевтың батыл жос­па­ры­ның бірі және бірегейі «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол­дауы. Елбасымыз әр жыл сайын Қа­зақстан халқына Жолдау арнайды. Сол тарихи құжаттардың негізі бо­лып келген «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасының басым бөлігі орындалды. Сон­дық­тан ұзақ мерзімді келесі бағ­дар­ламаның қажеттілігі туын­дады. Ал «Қазақстан-2050» Стратегиясы кемел келешекті көре білу. Еліміздің жан-жақты дамуына түрлі бағдарламалар жасалғаны және оның мақсатты түрде орындалып келе жатқанын халықтың әл-ауқатының жақсарғанынан байқаймыз. Мәселен, Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылып, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.Тағы да елде болған кез­де­су­лердің бірі орта буын өкілдерімен және студенттермен өтті. Сонда байқағаным, Президент Жолдауы, әсіресе, жастарға үлкен серпіліс берген екен. Олар елдік маңызы зор Жолдаудағы көзделіп отырған экономикалық, әлеуметтік ме­же­лерді орындауға халық болып атсалысу қажеттігі жөніндегі ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жастар патриотизмді және мемлекеттік тілді дамыту, тәуелсіз елдің озық ойлы азаматтарын қалыптастыру туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сөз алған бір студент Жолдаудың мына бір үзіндісін толғаныспен оқып берді. «Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл, егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең бас­ты құндылығымыз – туған тілі­міздің мерейін үстем ете түседі. Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65%-дан асты», дей келе: «Қазақстандай кең байтақ елім барда, болашақты көре бі­летін Нұрсұлтан Әбішұлындай Президентім барда менің терең білім иесі болмауым азаматтығыма сын. Себебі, менің жан-жақты бі­лім алуыма мемлекет бар жағ­дайымды жасап қойған. Шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орнына түсу мен үшін үлкен мәселе емес. Өйткені, Елбасымыз арнайы «Болашақ» бағдарламасын бекітті және ол кісінің әлемдік деңгейдегі абыройының арқасында кез келген мемлекетте қазақ болып мақтанышпен оқып білім алуыма болады», деп сөзін аяқтады. Осы сөзді естігенде Елбасымыздың: «Қазақстанның болашағы білімді жастарда», деген ұстанымы ойыма оралды. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі екендігін атап өткені анық.«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауларында және жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап бердік. Партия активімен, мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелер аз емес. Атап айтқанда, адамның денсаулығына зиян келтіретін өндіріс орындарында қызмет істейтіндерді әлеу­меттік қорғау, қолжетімді тұр­ғын үйді ауылдарда да салу, жас ма­мандарға үй берудің заңнамалық тетігін қарастыру, жасөспірімдер үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауында кәсіби бағыт-бағдар беру мәселелері қозғалды. Өңірдің проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар алға тартылды.Біздер жаңадан салынған бір­қатар мектептерді аралап көріп, көңіліміз өсті. Олар жаңа үлгідегі технологиямен қамтамасыз етілген. Интерактивті тақталары бар, лингофонды кабинеттері жұмыс істеп тұр. Компьютерлері интернет желісіне қосылған. Ауылдағы мектептердің де осындай деңгейге көтерілгені қуантты. «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің инфрақұрылымын дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасалғандығы көрініп тұр. Президенттің әлеуметтік саланы алға бастыру бойынша берген тапсырмалары жүзеге асқанына куә болдық. Әсіресе, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде жаңадан бой көтерген нысандар халық игілігіне айналған. Сонымен қатар, «Ақ бұлақ» ауыз су бағдарламасы бойынша көптеген ауылдарға таза ауыз су жеткізілген. Мысалы, Жуалы ауданындағы 150 төсектік ауруханада болдық. Бұл емдеу орны түгелдей жаңа заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңа технологияны меңгерген мамандары да бар, кейбір күрделі аппараттар бойынша өз қызметкерлерін қосымша біліктілігін арттыруға жіберіп ал­­ған. Ауруханада телекөпір ар­қылы өзге өңірдегі дәрігерлерден кеңестер алу мүмкіндігі жасалған.Тұрар Рысқұлов ауданында болғанымызда, жергілікті бір кәсіпкердің азаматтық ісіне куә болдық. Ол өз қаржысына мектеп жанынан 80 оқушыға арналған интернат үйін салып беріпті. Шынымен де, ауылдың еңсесі көтеріліп қалған. Өзім бұрын да Жамбыл облысында болып жүрмін. Бүгінгі таңда өңірдің жаңаша түлегенін байқадық. Жаңадан салынған мектептер мен ауруханалар, автокөлік жолдары ауылға ерекше түр беріп, көріктендіре түскен. Халық нарықтық эконо­ми­каның заңдылықтарына да әбден бейімделіп алыпты. Ауылдық жер­­лерде шағын кәсіпкерлік те жан-жақты даму жолына түсе бас­таған. Әр азамат өз жағдайын жақ­сарту арқылы елдің алға басуы­на үлес қосып жатыр. Ең бастысы, тұрғындардың болашаққа деген се­німдері зор.Кездесулерде ұсыныстар да айтылды. Мәселен, Президенттің Жолдауы туралы тек үлкен жиын­дарда ғана емес, шағын басқо­суларда да әр адам өз көкейіндегі ойын білдіріп, елдің дамуына үлес қосудың жолдарын айтып отырса, соның өзі қоғамдық ортада ортақ мақсаттың қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз. Ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесін де Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттармен ұштастыра білсе, ол да жастардың болашаққа деген көзқарасын нығайтуға оң әсер етеді. Бүгін қандай деңгейдеміз, ал 2030 жылы, одан кейін 2050 жылы қандай деңгейге жететініміз және сол кезде ел экономикасының дамуы, өркениет жолындағы табысымыз, мемлекеттік тілдің қолданылуы қандай деңгейде болатыны – бәрі де жаңа стратегиялық Жолдауда көрініс тапқан. Алдымызда айқын мақсат тұр. Соған жету жолында еселі еңбек ету – баршамыздың Отан алдындағы азаматтық борышымыз.

Ұласбек СӘДІБЕКОВ,Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.