• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2019

Арысқа гуманитарлық көмек ретiнде 20 тонна ұн жiберiлдi

251 рет
көрсетілді

Апатқа ұшыраған Арыс қаласының тұрғындарына жанашырлық  жасауда Атбасар және Сандықтау аудандарындағы «Вайнах» этномәдени орталығының мүшелерi белсенділік танытуда.

Қоғамдық ұйым мүшелері қайырымдылық қорының есебiне үш миллионнан астам теңге аударды. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек ретiнде 20 тонна ұн жiберiлдi. Бұл өнімдер Атбасардағы А.Кукаев, М.Дзейтов және Д.Асаев басқаратын ұн тарту кәсiпорындарында шығарылған.

– Бiздiң диаспора отандастарымызға қиын уақытта қолдау көрсетуді өздерінің басты парызы санайды,–дедi Атбасар және Сандықтау аудандарының шешен-ингуш этномәдени орталығының жетекшiсi Дин-Магомед Асаев.

Бүгiн Түркiстан облысына жiберiлген ұнды тиеу жұмыстары жүзеге асырылды. Iс-шараға Атбасар ауданының әкiмi Аманбек Қалжанов қатысып, «Вайнах» этномәдени бірлестігінің барлық мүшелеріне алғысын білдірді.