• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2013

Жастарға сенім қашанда жоғары

573 рет
көрсетілді

Жастарға сенім қашанда жоғары

Сәрсенбі, 10 сәуір 2013 2:05

Қоғам дамуында жастардың рөлі зор. Ұрпақтар сабақтастығын үзбей, ілгері күнге ілкімділікпен қадам басу үшін  саламатты, бейінді де зейінді,  тәртіпті жастар өсіру  қажеттігін  өмір көрсетіп отыр. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары кезіндегі жастардың қоғамдағы бастамашылдығына назар аудару үрдісі Ақтөбедегі жұмыс сапары барысында да жалғасты.

 

Сәрсенбі, 10 сәуір 2013 2:05

Қоғам дамуында жастардың рөлі зор. Ұрпақтар сабақтастығын үзбей, ілгері күнге ілкімділікпен қадам басу үшін  саламатты, бейінді де зейінді,  тәртіпті жастар өсіру  қажеттігін  өмір көрсетіп отыр. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары кезіндегі жастардың қоғамдағы бастамашылдығына назар аудару үрдісі Ақтөбедегі жұмыс сапары барысында да жалғасты.

Б.Байбекті әуежайдан бірден Ақтөбе по­ли­техникалық колледжіне келіп, осын­да жиналған жастар бірлестіктері көш­­басшыларымен «STOPқылмыс» рес­пуб­ликалық акциясы аясында кездесіп, жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында бопсалау мен топтасып төбелесуге қарсы әрекет ету мақсатында құрылған «Бүркіт» патриоттық клубының жұмысымен танысты, жас ұрпақ тәрбиесі туралы кең әңгімелесуі өзекті мәселені ортақ ойласып шешуге деген партия ұстанымын анық аңғартты.

Бауыржан Қыдырғалиұлы өз кезегінде елдің ертеңі жастар екенін, сондықтан жастардың жат әдеттерден аулақ болуына жастардың өздері ұйытқы болулары керектігін айтты. Қоғамдық тәртіпті ны­ғайтуға, жастар арасындағы тәртіп бұ­зу­шылықпен күресте бірегей жоба ретін­де танылған «Бүркіт» патриоттық клубының жұмысы да көңіл қуантады. Клуб жетекшісі Серік Сағиев бұл бірлестіктің жасөспірімдер мен жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алудағы жұмыс тәжірибесін таратып айтып берді.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары атбасын бұрған келесі нысан – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының жаңа ферроқорытпа зауыты болды. Еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген бұл жоба әлемде теңдесі жоқ жоғары көмірсутекті феррохром өндірісінің инновациялық технологиясын енгізумен, электр қондыр­ғыларының, автоматтандырудың және тұ­рақты ток пештерінің жаңа жүйесін пай­да­ланатындығымен бағалы. Жобаны жүзеге асыру еліміздің жоғары көмірсутекті феррохромды экспорттау мүмкіндігін 16 пайызға арттырады, өнімнің өзіндік құнын кемітеді деп күтілуде. Мұнда еңбек өнімділігі 3-4 есе өседі, жоғары температураның жұ­мыс­шыларға әсері анағұрлым кемиді. Қазір нысан 47,5 пайыз дайын. Қаржының 77,9 пайызы игерілген, жобаны пайдалануға беру биылғы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Мұрат Мұқашев мәлімдеді.

Астаналық қонақ содан кейін «Қоныс» спорт сарайында өтіп жатқан Президент Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің Ақтөбе қаласы бойынша іріктеу жарысына қатысып, балуандардың боз кілемдегі шалт қимыл, шапшаң әдісіне тәнті болды. 133 балуан қатысқан жарыста ересектер арасында түйе балуан атанған Шыңғыс Шоқпытовты, екінші және үшінші орындарды иеленген Дархан Темірхан мен Саят Жетібаевты марапаттаған Бауыржан Қыдырғалиұлы осында жиналған жанкүйер жастарға құттықтау сөз арнады. Ол бұл жобаның Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқанын, оның мақсаты – жастарды спортқа көбірек тарту, дені сау ұрпақ өсіруге ықпал ету екенін жеткізді.

Түстен кейін «Нұр Отан» ХДП Төра­ға­сының бірінші орынбасары «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебі Ақтөбе ай­мақ­тық филиалының жұмысымен, оқу бағдарламасымен танысты. Филиалда осы кезеңде 722 адам мамандық жетілдіру курстарынан өтіпті. Ол филиалда өткізіліп жатқан тренингке қатысушылармен партияның мақ­саттары мен міндеттері, құқық­тары және партиялық жұмыстың жа­рия­лылығы хақын­да әңгіме өрбітті, пар­тиялық оқуды жаңаша ұйымдастыру мәсе­лесіне тоқталды.

Жұмыс сапарының соңында Бауыржан Байбек облыстың партия активімен кездесіп, партияның міндеттері, мемлекеттік органдар қызметіне бақылау жүргізу, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен жұмысты жандандыру төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.