Сәрсенбі, 5 маусым 2013 2:03
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Қытай Халық Республикасына үш күндік ресми сапары аяқталды.
Бұл сапар Қазақстан мен Қытай қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қытай Халықтық азат ету армиясы Бас штабының бастығы, генерал-полковник Фан Фэнхояның шақыруы бойынша жүзеге асырылды.

Сапар барысында С.Жасұзақов ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-полковник Фань Чанлунмен, Шыңжаң және Чендус әскери округтерінің қолбасшыларымен кездесті.
Сондай-ақ, сапар шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қытай Халықтық азат ету армиясының Ұлттық қорғаныс академиясында болып, саяси комиссар генерал-полковник Лю Ячжоумен кездесті, аталған оқу орнының тыңдаушыларына дәріс оқыды.
Ресми сапар қорытындысы бойынша Қытай Халықтық азат ету армиясы Бас штабының бастығы, генерал-полковник Фан Фэнхоянмен болған кездесуде екіжақты ынтымақтастық, ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім және сержанттар құрамын даярлау мәселелері талқыланды.
«Егемен-ақпарат».