• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2013

Ұйым мен серіктестіктің рөліне арналды

273 рет
көрсетілді

Ұйым мен серіктестіктің рөліне арналды

Сәрсенбі, 5 маусым 2013 2:05

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Женева қоры мен ҚР-ның БҰҰ Женева бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлттар сарайында «Жаңа парадигмаға қажеттілік – ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» атты ірі халықаралық конференция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Сәрсенбі, 5 маусым 2013 2:05

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі, Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясы, Женева қоры мен ҚР-ның БҰҰ Женева бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлттар сарайында «Жаңа парадигмаға қажеттілік – ХХІ ғасырдың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» атты ірі халықаралық конференция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Басқосуға БҰҰ Бас хат­­шы­сының орынбасары, БҰҰ-ның Же­невадағы бөлім­шесінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы баяндамашы ретінде шақырылды. Сонымен қатар, іс-шараға Дүние­жүзілік еңбек ұйымы, Женева қауіпсіздік саясаты, Гуманитарлық диа­­лог, Қарулы күштерді де­мо­­кратиялық басқару, Еу­ропалық ядролық зерттеу­лер орталықтары, Халықаралық жасыл крест, Халықаралық дағдарыс тобы, Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі, Дүние­жүзілік өнер және ғылым ака­демиясы, Женева дип­ло­ма­тиялық клубы, Рим клубы, Женева университеті, Же­­не­ва дипломатия және ха­лық­аралық зерттеулер мек­те­бінің басшылары, сон­­дай-ақ дипломатиялық мис­сия­лардың, бірқатар ірге­лі халықаралық және үкімет­тік емес ұйымдардың, ха­лық­аралық саясат проблема­ларымен айналысатын бе­делді ғылыми-зерттеу инс­ти­туттарының жетекшілері ат­салысты. Форумға Қа­зақ­­стан Республикасының атынан еліміздің Женевадағы Тұрақты өкілі, елші Мұхтар Тілеуберді қатысты.

«Ғаламдық қауіптер мен мүмкіндіктер» панелінде Қ-Ж. Тоқаев «Жаңа әлемдік тәртіпке бейімделудегі БҰҰ мен серіктестіктің рөлі» тақы­рыбында баяндама жасап, қазіргі таңда дүние жүзінде болып жатқан маңызды оқи­ғалар, қалыптасқан жағдай мен олардың перспектива­ла­рына қатысты өзінің көз­қа­рас­тарымен бөлісіп, БҰҰ мен халықаралық қо­ғам­дастық мүшелерінің өзекті мәселелерді шешудегі қызметі мен рөліне кеңінен тоқталды.

Конференция спикерлері интерактивті талқылаулар барысында халықаралық қауіпсіздік пен әлем беттесіп отырған қауіп-қатерлер, дінаралық келісім мен тұрақты даму, мемлекеттердің өзара ықпалдастығы, оның ішінде сауда және экономика, ресурс­тар мен технологиялар, энергия мен экология, адам капиталы, білім беру, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту сияқты көптеген проблемаларды көтеріп, соңынан қызу талқылауларға жалғасты.