• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2019

Ақмолада 6 мектеп пайдалануға беріледі

251 рет
көрсетілді

Жаңа оқу жылында білім ошағына 124 мыңнан астам оқушы бармақ. Олардың  16 мыңы бірінші сынып  оқушылары.  

Өткен жылмен салыстырғанда 3 мың балаға көп. Осы деректің астарында үлкен мән бар. Бала саны көбейіп келеді.  Ендігі бір жай ол әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жаңа оқу жылына дайындығы. Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, әзірше алаңдайтын ештеңе жоқ. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында өңірдегі аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындау үшін мемлекет пен жеке кәсіпкерлер тарапынан 52 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Бағдарлама аясында 4 мыңнан астам оқушыны мектепке толығымен дайындаған. Қылқалам мен мектеп формасына дейін қамтылған.  

– Облыста 13 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына балалары бар. Олардың барлығы «Мектепке жол» акциясы аясында қажетті оқу құралдарымен толық қамтылатын болады. Мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан мектеп оқушыларына көмек жасалуда,–дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова,.

Бір өкініштісі, биыл облыстың Атбасар, Бұланды және Біржан сал аудандарындағы кейбір елдімекендерде орналасқан бірнеше бастауыш мектептер жабылмақ. Оған бала санының аздығы себеп. Мәселен, әр мектепте 3-4 баладан. Ол оқушылар көрші елді мекендерге барып білім алады. Үстіміздегі жылы 12 білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жасалған. Мамандардың айтуынша,  білім ордаларының жөндеу жұмысына республика және жергілікті бюджет қаражатынан 1,3 миллиард теңге қаражат  бөлінген.  

–Қазір облыста 6 мектеп салынып жатыр. Олардың біреуі, яғни Щучинск қаласындағы 800 орындық мектеп оқу жылының басында пайдалануға беріледі. Ал жыл соңына дейін Целиноград ауданында 3 мектептің құрылысы аяқталады,–дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, 

Жаңа оқу жылында 6 мыңға жуық оқушыны 182 автобуспен тасымалдау ұйымдастырылады, оның 5-і ағымдағы жылы сатып алынған. Сонымен қатар облыс мектептері педагогикалық кадрлармен толық қамтылған.