Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:32
Күрмеуі қатты күрделі өмірдің көңіліңді тасытып, мерейіңді асырып, рухыңды асқақтататын жұлдызды сәттері де бар. Сірә да естен кетпейтін сондай жұлдызды сәт жеке адамға қатысты болса аз қуаныш емес. Ал, ол бүкіл бір қоғам, біртұтас ұлт, бүтін бір мемлекетке қатысты болса оның мән-мағынасы мың емес, миллион есе салмақты болмақ. Ел өміріндегі осындай бір жұлдызды сәт – естен кетпес елеулі оқиға таяуда ғана өткен 2012-ші ұлу жылында, желтоқсан айының 14-ші жұлдызында, қасиетті жұма күні болды.
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:32
Күрмеуі қатты күрделі өмірдің көңіліңді тасытып, мерейіңді асырып, рухыңды асқақтататын жұлдызды сәттері де бар. Сірә да естен кетпейтін сондай жұлдызды сәт жеке адамға қатысты болса аз қуаныш емес. Ал, ол бүкіл бір қоғам, біртұтас ұлт, бүтін бір мемлекетке қатысты болса оның мән-мағынасы мың емес, миллион есе салмақты болмақ. Ел өміріндегі осындай бір жұлдызды сәт – естен кетпес елеулі оқиға таяуда ғана өткен 2012-ші ұлу жылында, желтоқсан айының 14-ші жұлдызында, қасиетті жұма күні болды. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл сол күні «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жария етті. Бұл Жолдау сол күні есігін алғаш рет айқара ашқан ғажайып ғимарат «Астана опера» театрында оқылуымен және жылдағыдан ерте жариялануымен ғана емес, рас бұл екі жайттың да аса терең символикалық мәні бар, алдағыны көріп, алысты болжаған көрегендігімен, кемел ойлы кемеңгерлікке толы ой-толғауларымен, адамның жігерін жанып, жемісті еңбек пен жеңістерге жетелейтін батыл болжамдармен, т.б. сан қырлы қасиеттерімен ерекшеленеді.
Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын асқақ арманға толы батыл ойлармен белгілеп берген бұл Жолдау жолдары тереңіне бойламаған алғашқы сәтте ертегі тәрізді естілуі де мүмкін. Құлақпен естіген Жолдаудың тасқа басылған толық нұсқасын оқығанда бұл тарихи құжаттың іштен шыққан шыншыл сөз екендігіне көзің айқын жетіп, көңілің анық сенеді. Ана бір жылдары 2030 стратегиясымен алғаш танысқанда бәріміз болмасақ та біразымыз «ертегі сияқты ғой» деп күдік пен сенімді қатар жарыстырмап па едік? Енді бүгін сонда айтылған биік межелерді бағындырғанымызды бүкіл әлем көріп, біліп отыр. Ал, мына «2050» сол «2030» стратегиясының жарқын жалғасы. Қалыптасқан мемлекетіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясын да абыроймен орындап шығарына сенім мол. Ол сенімнің негізі – әлемдік деңгейдегі ұлы саясаткер Н.Ә.Назарбаев орнықтырған еліміздегі ұлтаралық келісім мен айрандай ұйыған ұлы бірлік!Мақсат айқын: 21 жылда 21 асқар тау биіктерді бағындырған Қазақстанның тәуелсіздігін нығайта беру. Жаннан да тәтті, қаннан да қымбат қалыптасқан Қазақстанымызды «Мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы» кезеңінде елдік пен ерліктің үлгісін көрсетіп, ел еңсесін жасампаздықпен биіктете беру.Арман асқақ! Алға бастап, асқарға шығаратын асыл арманымыз әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу!Міндет көп: ол ең алдымен жиырма бірінші ғасырдың он жаһандық сын-қатерінен сүрінбей өтіп, жан бағуға емес, жаңаруға; күнкөріске емес, гүлденіске ұмтылу. Бұл ұлағатты ұмтылыс, ұлы жолдағы адастырмас ақ жұлдыз – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Рас, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тамыршыдай тап басып айтқан жиырма бірінші ғасырдың он жаһандық сын-қатері – өткелі жоқ өзендей, асуы қиын асқар таудай аса қиын сын. Соның бәрін санамаламай-ақ, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті зерделеп көрелік. Н.Ә. Назарбаев қадап айтқандай: «Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік береді.Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр». Ал, осы қатердің алдын алатын қалыптасқан, қуатты елдің бірі – «Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміздің өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадамынан кейін шегінбейтін болады».Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудың барлық бөлімі, барша тармағы аса маңызды. Мәселен, Жолдауда айтылған: «Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз.Сондықтан оған бейжай қарамайық.Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», деген сөздер алшы түсер асыққа құйылған қорғасындай көкейге қона кетеді.Жолдауда айтылған ойлардың салмақтылығы, өміршеңдігі соншалық, соның бәрі бір оқылғанда-ақ жадыңда жақсы жырдай жатталып қалады. «Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары», «баланы қорғау», «ұлт денсаулығы», «білім беру саласындағы басымдылықтар», «сыртқы саясатта жаңғыртудың басымдылықтары», «жаңа қазақстандық патриотизм», «мәдениет, дәстүр және даралық»… т.б. толып жатқан құндылықтар жайлы толымды ойлар толғаған парасатты пікірлер мен болжам, бағыттары тебіреніске толы тереңдігімен баурап алады. Саяси құжаттың көркем шығармадай тартымды жазылып, бір деммен жеңіл оқылатыны ғажап! Осы тұста ақжарма сезім, ағытылған арынды, дара да дана ойларға тұнып тұрған Жолдаудың көптің көкейіндегі ойын тап басып, жүрек қылын шерткен тағы бір тамаша тұсынан үзік үзінді келтірмесек сөздің сәні, ойдың мәні болмайды. «Ел – бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек.Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес.Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген.Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.Мемлекет те солай.Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына біздер – қазақтардан артық мүдделі кім бар?!Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік секілді әңгімемен ел бірлігін бүлдіргісі келетін күштердің пайда болуы Елбасы ретінде мені алаңдатпай қоймайды.Ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр атаның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын аңдамай қалуы мүмкін.Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айрылудың өте қауіпті түрі».Қазақтың құраны мен ұранына айналатын азбас, тозбас асыл сөз ғой бұл!Елбасы Н.Ә.Назарбаев қадап айтқандай: «Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет». Осы тұста бізге – қалам қайраткерлеріне жүктелер міндет аз емес. Ұлы Жаратушы сыйлаған көркемсөздің құдіреті шексіз. Лион Фейхтвангердің сөзімен айтсақ: «Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерлікке дейін тәрбиелейді». Лев Гумилев одан да асып түсіп: «Сөз қалаларды да қиратады, Сөз күнді де тоқтатады» дейді. Қаламсыз ғалам жоқ. Сөз жоғалса – әлем де жоғалады. Қаламнан үлкен қару жоқ. Біз – қалам қайраткерлері отандастарымыздың ой-санасы бұрынғыдан да өсіп, жандүние жасаулары жарқырай беруі үшін аянбай еңбек етуіміз керек! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тоғызыншы қаңтарда Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсыру кезінде: «Жастар болашақтың қандай болатынын білгісі келеді» деп қадап айтты. Осы орайда да қаламгерлер қауымы атқарар жұмыс аса ауқымды.Еңбек! Бұл – қасиетті сөз, құдіретті күш. Ол жайлы Елбасымыз сән мәрте салиқалы ойлар айтты. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда да еңбек шешуші рөлі атқарары сөзсіз. Осы тұста:Қиындық деген қамал бар,Қайсарлар жарып өтетін.Еңбек деген бақыт бар,Ерінбеген жететін.Жалқауға бақыт жоламас,Қайрылмай оған кететін, –деймін мен жастарға қарата. Жастарымыздың бәрі жұғымсыз деуден аулақпын. Алайда, жеңіл өмірді жақсы көретін жастар да аз емес. Түгесілмес сайранның түбі – ойран. «2050» Стратегиясы ең алдымен жастар көретін игілік. Оны жүзеге асыратын да жастар.Иә, қайтпас, қайсар еңбек – бәрін де жеңбек! Сол ерен еңбектің үздік үлгісін біздің Елбасымыз үнемі көрсетіп келеді. Соған мың мысалдан бір мысқал, жақында (9.01.2013 жыл) ел газеті «Егеменде» жарияланған «Президенттің жұмыс кестесі: 2012 жылдың негізгі қорытындылары» атты мақаласында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков былай деп жазды: «Шетел сапарларын, өңірлерге жасалған жұмыс сапарларын, түрлі отырыстар мен кеңестерді, халықаралық және республикалық форумдардың, конференциялар мен съездердің жұмыстарына қатысуын, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдауларын, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесулерін, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік объектілерде болуларын қоса алғанда, Президент Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен жыл бойы 700-ден астам хаттамалық іс-шаралар өтті.Көріп отырсыз, осының өзі бір адамға аз жүк емес. Сол алпыс атан тарта алмас орасан ауыр жүкті өрге сүйреп келе жатқан Елбасының қажыр-қайраты мен еңбекқорлығы бәрімізге үлгі емес пе?! Жоғарыда келтірілген үзіндінің өзі-ақ көп жайдан хабар беріп тұрған жоқ па?!«Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі – уақыт пен төзімнің жемісі» депті Бальзак.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Мен ХХI ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры боларына сенемін» деген сөзін жан жүрегімен қабылдап, ұлы мақсат «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың ұлы жолына түскен Елім мен Елбасыма айтар, Алла Тағаладан тілер ақ тілегім: «Жұлдызды сәттер көп болсын!».Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.АЛМАТЫ.