Димаш Құдайберген Сочи қаласында "Новая волна - 2019" жас таланттар байқауының ашылу салтанатында Olympico әнін шырқады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық әншіні көрермендер гүлмен көмкеріп, сахнадан ұзақ уақыт жібермей қойған.
"Барлық гүлдер. Ресей, Қытай және әлем эстрадасының жаңа секс-символы. Қыздар, өздеріңізді ұстаңыздар, ол қайтып келеді", - деді байқау жүргізушісі."Димаш - отсың! "Новая волна"-ның ашылуы ең жоғарғы деңгейде болды. Біздің тандем үшін осы бағдарламаны көрдім. Ең мықтылары - сіздер! Кез келген мерекенің гүлі".
"Димаш ең мықты, ең үздік, оған тең келер ешкім жоқ. Сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз, керек десең, тыңшы боламыз", - деп жазады әртістің фанаттары.
"Новая волна" - халықаралық танымал әуендерді орындаушы жас таланттар байқауы. Байқаудың арқасында көптеген әнші үлкен сахнаның төріне шықты.