• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2019

Грекия Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

172 рет
көрсетілді

Бүгін Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Грекия Елшісі Александрос Катранисті Қазақстан Республикасындағы миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Кездесу барысында СІМ басшысы А.Катраниске екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, оған естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Грекияға қазақстандық халықаралық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ халықаралық аренада өзара тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамыту ниеттері үшін ризашылығын білдірді.

СІМ басшысы Грекия Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті, грек Парламенті мен Үкіметінің жаңа құрамының сайлануымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына үміт білдірді. 

Тараптар экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі қолданыстағы үкіметаралық комиссия шеңберінде шарт-құқықтық базаны кеңейту және жұмыстың жаңа перспективалық бағыттарын айқындау қажеттігін атап өтті.

Грекия Елшісі Қазақстан басшылығына қазақстан-грек ынтымақтастығын нығайту ісіндегі тиімді өзара іс-қимыл және оның қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Министр грек әріптесіне алдағы қызметіне табыс тілеп, А. Катранис біздің елде әрқашан қалаулы қонақ болатынын атап өтті.

Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 1 қазанында орнатылды. Қазақстанның Грекиямен сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт – 1,1 млрд., импорт - 19,3 млн.).

ХХ ғасырдың 30-шы және 40-шы жылдары Қазақстан мыңдаған қуғын-сүргінге ұшыраған гректерді қабылдады. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары Қазақстанда грек диаспорасы болып табылады.