Түркістан облысында 1000-нан астам полиция қызметкері бір ай бойы 904 мектептегі 488 мыңнан астам оқушының қауіпсіздігін қадағалайтын болады.
Жергілікті полиция қызметінің полицейлері, учаскелік полицейлер жаяу жүргіншілер жолағынан өтетін оқушыларға, қала тұрғындарына көмек көрсетіп, жол қозғалысын бақылайды. Полицейлер таңғы сағат 7-ден бастап мектеп алдында тұрып балалардың қауіпсіздігін қадағалауда. Осылайша, ата-аналар енді мектеп алдындағы жолақтан күнделікті өтетін балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын болды. «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында өткізіліп жатқан бұл іс-шара Түркістан облысының барлық аумағында ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол жүру ережесін сақтаудың маңыздылығын ескертті.