Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:15
Заманмен бірге заң да жаңарып отырады. Мұндай жаңарулардан, әрине, еліміздің басқару саласы да шет қалмауы тиіс. Өйткені, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі ең алдымен халық үшін ауадай қажет. Басқару саласындағы жаңару мен жаңғырудың мәні мен маңызы да осында.
Мысалы, «А» корпусына өту үшін мемлекеттік қызметкерлерден бұдан былай заманауи терең білім, өмірлік бай тәжірибе және заман талабына сай ұйымдастырушылық пен іскерлік қабілет қатаң түрде талап етілетінін естіп, басқару саласында да сең қозғалғанын білдік.
Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:15
Заманмен бірге заң да жаңарып отырады. Мұндай жаңарулардан, әрине, еліміздің басқару саласы да шет қалмауы тиіс. Өйткені, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі ең алдымен халық үшін ауадай қажет. Басқару саласындағы жаңару мен жаңғырудың мәні мен маңызы да осында.
Мысалы, «А» корпусына өту үшін мемлекеттік қызметкерлерден бұдан былай заманауи терең білім, өмірлік бай тәжірибе және заман талабына сай ұйымдастырушылық пен іскерлік қабілет қатаң түрде талап етілетінін естіп, басқару саласында да сең қозғалғанын білдік. Себебі, бүгінде елімізде 91 мың мемлекеттік қызметші бар екен. Бірақ соның бәрі мемлекеттік қызметкерден сұралатын талапқа сай тиімді жұмыс істеп жүр ме? Білімі мен білігі күн сайын жаңарып жатқан заманның өскелең үрдісіне лайық па? Жоқ, өйткені, бәрі бірдей мұндай жоғары талап деңгейінен көріне алмайды.
Кейде «ауыл әкімі» деген қызметке кадр таңдағанда «үміткердің» білім-білігі мен мемлекеттік органдардағы тәжірибесі былай қалып, керісінше, әлгінің өрісіндегі мыңғырған малы мен жылжымайтын мүліктері «бірінші орынға» шығып кететіні жасырын емес. Мысалы, ауылда 100 жылқы, 100 түйе және 500 қойы бар бір адам болса, «ауыл әкімі» деген мемлекеттік қызметке кадр іздегендердің таңдауы бірден соған түсетіні тағы шындық. Ал білімді, білікті кадрлар, тіпті, орташа шаруасын дөңгелетіп ұстап отырса да, «әттең, тонның келтесі-ай» дегендей, көзімен жер шұқып қала береді. Содан барып, кешегі май құюшы немесе бір шаруа қожалығының иесі ауылға «әкіммін» деп қамшысын үйіріп шыға келеді.
Өкінішке қарай, кейін олардың жоғары білімі жоқ екені немесе дипломды «сатып» алғаны анықталып, сан соқтырып жатады. Мұны көрген жұрт: «е-е, баяғы Владимир Ильич Лениннің «Кеңес Одағын кез келген қызметші әйел билей алады» деген сөзінің кері келді ғой», деп күледі. Айтпақшы, сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа жол беретіндер де, елдің әлеуеті мен мәдениетін көтеруге жұмыс істеудің орнына, шағын кәсіпкерлер мен жеке тұрғындарға «жер сатумен» шұғылданатындар да тамыр-таныстық пен дүниенің арқасында әкім болғандар екені өтірік емес.
Енді, міне, «А» корпусына мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білімдерін саралап, біліктерін сараптап қабылдау талабын шенеуніктер арасындағы осындай сорақылықтардың алдын алудың қатаң шарасы деп қабылдап отырмыз. Өйткені, ауыл, аудан, қала әкімдері, яғни жергілікті биліктегі мемлекеттік қызметкерлер біз үшін сауатсыздығымен, мәдениетінің төмендігімен және жемқорлығымен емес, жан-жақты білімдарлығымен, жоғары зиялылығымен және іскер ұйымдастырушылығымен үлгі болуға тиіс.
Федор КЛИМЕНКО,
Жамбыл облыстық
«Днипро» украин этномәдени
бірлестігінің төрағасы.