ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды.
К. Мәсімов оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.