• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2013

Біздің өзгелерден неміз кем?

388 рет
көрсетілді

Біздің өзгелерден неміз кем?

Сенбі, 30 наурыз 2013 2:23

Үлкен кісіміз ғой. Аурудан бос кезімізде телевизордан бөтен досымыз жоқ.

Қасымда немерем Баян, кемпір үшеуміз кештен бұрынғы шәйімізді енді ішіп отырған едік, бір көзіміз телевизорда. Бір кезде қатар-қатар салынған әдемі ауыл үйлерін жылт-жылт еткі­­­зіп көрсетіп кетті. Бала көтер­ген жас келіншекті де көрсет­ті. Енді шалғай, қашық елді мекендердегі ауылдарды моно­қа­лаларға көшіреміз, осындай үй салып, деді бір лауазымды басшы. Астапыралла, не дейді, деппін сасқаннан. Кемпі­рімнің мамандығы географ еді, Қазақстанның жер көлемі қанша деп сұрадым.

Сенбі, 30 наурыз 2013 2:23

Үлкен кісіміз ғой. Аурудан бос кезімізде телевизордан бөтен досымыз жоқ.

Қасымда немерем Баян, кемпір үшеуміз кештен бұрынғы шәйімізді енді ішіп отырған едік, бір көзіміз телевизорда. Бір кезде қатар-қатар салынған әдемі ауыл үйлерін жылт-жылт еткі­­­зіп көрсетіп кетті. Бала көтер­ген жас келіншекті де көрсет­ті. Енді шалғай, қашық елді мекендердегі ауылдарды моно­қа­лаларға көшіреміз, осындай үй салып, деді бір лауазымды басшы. Астапыралла, не дейді, деппін сасқаннан. Кемпі­рімнің мамандығы географ еді, Қазақстанның жер көлемі қанша деп сұрадым. Ол 2 миллион бәлен шаршы шақырым дей беріп еді, немерем Баян ата, оны мен білемін деп жүгіріп кетіп, бір әдемі кітапты әкеліп, 32-бетін ашып, міне, былай деген деп маған көрсетті. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» деген кітап екен. «Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франция, Гер­мания, Италия, Испания сияқ­ты Еуропаның дамыған елде­рінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кетеді. Еліміздің жер көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым. Бір шаршы шақырым жерге алты адамнан келеді», депті.

Осы сөздерді оқып болғаннан кейін, осыдан мың жыл бұрын әулие баба қазақты көз алдыма елестеткім келді, бірақ миыма сыйғыза алмай не деген халық еді деп өмірін оймен шолып өттім. Өзге халық бөтен планетадан жер іздеп жатыр. Біз де бірталай жасқа келдік, көп көрдік десек артық болар, бірақ осы жаңағы айтқан жерден қой отарын ауыстырып қондыратын жайылыс жер таба алмай талай сандалып, күйзелгенім есіме түсті. Ал, ата-бабам қазақ екі дау бар деген. Бірі – жер дауы, екіншісі – жесір дауы. Жер дауы екі қазақ малыңды сен бері жайма, әрі жай. Яғни мал жаюға жер, жайылым жетпейді.

Жер адам өмірі тіршілігінің негізгісі. Әсіресе, біздің негізгі өндірісіміз жер. Жер болғанда жайылымдық жер.

Социализм кезінде Қазақстан Одақта мал, егін өнімдерін көп өндірумен көзге түсті. Тек көзге түсіп қойған жоқ, адам қиялы сенбейтіндей істерді тындырды, рекордтар жасады. Қойдан (саулықтан) төл алуда, жерден өнім алуда. Мысалы, тары өсіруден Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасады.

Әлемде адам ойымен, ісімен жер планетасын меңгеріп, енді ол аздық етіп өзге әлем іздеуде. Ал бүгін орда бұзар отыздығы қазақтың қарттың қасына көшіп келгені несі? Жасты жерді, даланы игеруге қуу керек. Ол үшін оларға алғашқы жылдары жағдай жасап, қолдау көрсету керек.

Бүгінде ақпарат құралдары өсек айтуды дәстүр етіп алды, жас та, кәрі де не жамандық айтар екен деп құлақ түретін бол­дық. Жас ұрпақты адал іс істеуге емес, арам­­дық ойлауға жан-тәнімізді салып үйретіп дағдыландырудамыз (өлті­ріпті, атыпты, тонапты, қирап­­­ты, өртеніпті, соғысыпты, т.т.б). Оған «жаңалықтар» деп ат бердік. Жоқ, оның аты жаңалық емес, жамандық.

Адамзат қажеттілігі екеу, бірін­шісі – материалдық, екін­шісі – мо­раль­дық. Әуелі осы материалдық қажеттілік өтелуі керек. Ол үшін жаратылыс, оның ішінде адам – адамға қызмет етуге жаратылған немесе міндетті. Ол ақылы ма, басқа ма, – ол өз алдына. Адамзат жер беретін адам қажеттілігін қолдан толық жасап болған жоқ, әлі де жерге тәуелді, олай болса қазақ одан неге қашады?

Біріншіден, ана жер жақсы, мына жер жаман деген сөзді қою керек. Әр жердің өз берері бар. Мәселе пайдалануын біліп, соны ұқсата білуде. «Қалауын тапса, қар жанады» деп сондайларды үйлестірушіні айтқан.

Менің тұратын жерімді Ақтө­бе қаласы дейді. Осында 16 жыл тұрамын. Көшенің аты – Сол­неч­ная. Бұны қала деуге болмай­ды, көшесінде сыпыратын тротуар түгілі асфальттанбаған, шаң аспанға атады. Күн батса үйден шықпаймыз, қорқамыз, көше тас қараңғы, су, канализациясы жоқ, лас суды көшеге шашамыз, ауламыздың ішін сыпырамыз, көше шаң, сол бойда қайта басады. Онда ауылдан неге келдің дейсің ғой. Өте орынды сұрақ. Тек электр жарығы мен газ үшін келдік. Газ сол біз тұрған жерден шығып жатыр, бірақ жергілікті халыққа оны бермейді. Елден айырмашылығы осы екеуі. Бұл тек жұмыссыздар «қаласы». Бүкіл Қазақстан қалаларында бір ілгек қадайтын фабрика жоқ. Көйлек, шалбар, бөтен де киімдер Қырғызстаннан әкелінеді. Екі үйдің бірі дүкен, сататыны бір зат, ол – тіс, құлақ шұқитын қытай заты. Қытайға жете алмаспыз, қырғыз тіккен көйлекті қазақ неге тікпейді? Осы үшін де Америкаға барып оқу керек пе?

Адресіміз қала, тұрмыс, өмі­ріміз дала. Сонда бұндай жерге қала деп неге ат берген. Жалпы, қала деген не? Оның міндеті не? Ол ауыл қазағынан артық игілікті не қызметі үшін пайдаланады?

Менің түсінігімде қала ығы-жығы, сабылып еңбек ететін ерте тұрып, кеш жататын, тіпті, ұйық­тамай ыссылы-суықты зауыт, фабрикаларда сағатпен міндетті ісін істейтін, қарапайым таза ауа да жетпейтін жұмыс орны шығар, сол үшін ауылдан артықшылық жасалады деп елестетуші едім. Келсем, жоқ, жұмыссыз қытай шаруасын істеп отырған ел екен.

Қала, қаладағы қамалған халық дала халқының, дала халқы қала халқының қажеттілігін өтеу үшін жаратылған жоқ па? Жер адамды асырау үшін жаратылған емес пе? Мен бұлардың бәрін мемлекетті, болмаса қазақты жамандайын деп емес, қазақты ар-намысқа шақырайын деп айтып отырмын. Қит етсе инвестор шақырамыз. Тіпті, қарапайым құрылғы дәнекерлеу үшін инвестор шақырғанымыз масқара емес пе? Мен телевизордан естігенімді айтып отырмын.

Қолдан келетін істі істемей кім көрінгенге мазақ болғанымыз үшін өз ұрпағыма өкпелеп, арланып оны қамшылайын деп жазып отырмын, істесе, мойындаса адамның қолынан бәрі келеді. Оны Лондон Олимпиадасы дәлелдеген жоқ па?

Неге мен бөтен ұлттан кеммін? Жапоннан малайзиялықтардан неге кеммін, неге оларға жалтақ, қор боламын, олар істеген істі мен неге істемеймін деген намыс пен арды оятпаймыз. Соншама төбемізден басып тұрған зіл не? Бұлай болмайды қазақ. Оян қазақ. Еңбек ет, тек алды-артыңа қарап, ілгері ұмтыл.

Біз ата-ана, ұрпақ алдында әлі мақтанарлық іс істеген жоқпыз. Мақтанарлық іс, өзің биліктен, болмаса өмірден кеткеннен кейін, кейінгі ұрпақ, болашақ айта, мақтана жүретін болса ғана мақтануға болады. Оған әлі көп іс қажет.

Қазақ деген ұлттың қолынан бәрі келеді. Елбасы айтқан да­мы­­­ған 50 елдің қатарында анық боламыз. Оны Лондон Олим­пиа­дасы дәлелдеді. Тек маман кадр өз орнында болуы керек.

Бақберген ҚАРАҚОВ,

зейнеткер.

АҚТӨБЕ.