• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2019

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 49 жас түлекке білім грантын табыс етті

272 рет
көрсетілді

Білім гранттары бойынша 49 мектеп түлегі әкімдіктен әлеуметтік көмек алды. Қала әкімі А. Көлгінов студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі.

«Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Біз жастардың білім алуына жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. ҚР Президенті білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Тек еңбек пен білімнің арқасында ғана табысқа жетуге болады. Әрбір ата-ана баласының аяққа тұрып, білім алғанын қалайды. Сіздердің оқу ниетіңізге көмек ретінде біз гранттар бөлдік. Мамандық алыңыз, жұмыс істеңіз. Еңбектеніп қана табысқа жетуге болады, патерналистік көңіл-күй болмау керек. Сіздерге оқуда табыс тілеймін», деді А. Көлгінов.

Әкім грантының иегері Тастемір Амантаев бағдарламашы мамандығын таңдады. «Бүгін менің арманым орындалды. Мен компьютерлерді, бағдарламалық жүйелерді бұрыннан үйренемін. It-салада дамығым келеді. Бұл грант маған білім алуға үлкен мүмкіндік», деді Т. Амантаев.

Гранттар ең қажетті мамандықтар – техникалық, педагогикалық , медициналық және туризм бойынша бөлінген. «ЖАНҰЯ» отбасы институтының қолдау орталығында грант иегерлері мен ата-аналармен кездесу өтті. Орталық қала тұрғындарына «бір терезе»  қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.