Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсембаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.