Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездесті. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстандағы Канаданың елшісі Николя Бруссомен кездестім. Алматы әкімдігі мен «Еуразиядағы Канадалық іскерлік қауымдастық» меморандумына сай Алматы мен Ванкувердің арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселесін талқыладық», деп жазды Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында.