Жапонияның Тиба қаласында таэквондодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
«Grand-Prix G4» халықаралық турниріне Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады. Олар: Нұрлан Мырзабаев (-80 келі), Руслан Жапаров, Смайыл Дүйсебай (+80 келі) және Жансель Дениз (+67 келі).
Әлем чемпионатының жүлдегері Қайрат Сарымсақов турнирге қатысудан бас тартты. Ал Қазақстан командасы бүгінде Оңтүстік Корея командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.