• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №194

300 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №194

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:12 2012 жылы 26 қараша Астана қаласаМемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:12 2012 жылы 26 қараша Астана қаласаМемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы«Азаматтық қызметшілерге,мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне,қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасын iске асыру мақсатында бұйырамын:1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдары,мемлекеттік мұрағаттар,мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi бекiтiлсiн.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Заң департаментi осы бұйрықтың:1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын;2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.Министр Д.МЫҢБАЙ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №194 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi 1.Жалпы ережелер1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ереже (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тіл саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртiбiн реттейдi.2. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс өтілі күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.3. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған кезінде жұмысшылардың лауазымдық жалақысын есептеу үшін осы құқығы туындаған күннен бастап жұмыс өтiлi есепке алынады.4. Мамандығын және ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтілі, мемлекеттік ұйымдар басшыларымен бекітілген еңбек өтілін белгiлеу туралы комиссия құрамымен анықталады.5. Қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеуге арналған еңбек қызметiн растайтын құжаттар еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұйымның кадр қызметінде сақталады. 2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерініңмамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі7. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік мәдениет ұйымдарында және басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз ұйымдардағы жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;5) егер жұмысшы шетелдегі жұмыстарға мамандығы бойынша мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жіберіліп, екі ай ішінде мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жұмысқа тұрған болса, көшу уақытын есептемеген де, шетелдегі жұмысы кіреді;6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;8) ұйымдарда мамандығы бойынша ғылыми жұмыстары;9) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;10) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;11) мәдениет ұйымдарындағы жұмыс бағытына сәйкес келетін білім және ғылым саласындағы лауазымдарда мамандықтары бойынша жұмыс уақыты кіреді. 3. Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерініңмамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі8. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік, арнаулы, жеке және ведомстволық мұрағаттардағыжұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:1) мұрағаттану, археография, құжаттану саласындағы ұйымдардағы ғылыми жұмыстар;2) әр түрлі жеткізгіштердегі мұрағат, мұражай, кітапхана және тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;3) шағынфильмдеу, ақпараттық жүйелер, бағдарламамен қамтамасыз ету және фотоға түсіруде мұрағат пен кітапхана саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;4) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;5) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;6) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;7) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;8) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;9) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;10) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;11) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.4. Мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі9. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі тілдерді дамыту саласындағы ұйымдарда, білім ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдарда депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;5) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;6) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардан тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар мен білім ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;7) ғылыми жұмыстар мамандықтын бағыттары бойынша ұйымдарда;8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;9) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.5. Мемлекеттік бұқаралақ ақпарат құралдары ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі10. Бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының мамандығы бойынша қызметкерлерінің жұмыс стажына бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында, теле-, радиоарналарда, білім ұйымдарындағы журналистика мамандығы бойынша педагогикалық жұмыс уақыты кiредi, сонымен қатар:1) режиссерлық қойылымыңда және теле-, радиоарналардың студияларындағы басқа да көмекші қызметкерлер құрамында, кинематография ұйымдарында, кинофикация және кинопрокат қызметкерлер құрамында жұмыс уақыты;2) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;3) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;4) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;5) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;9) ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс уақыты кіреді.Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 26 желтоқсан Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8238 болып енгізілді.