• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2019

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер барады

234 рет
көрсетілді

16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты басталады. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі). 

Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей: 

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон

89 келі: Денис Уланов

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

96 келі: Илья Ильин 

109 келі: Ибрагим Берсанов 

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.