Кеншілер астанасына Жоғары Хоккей Лигасы (ЖХЛ) басшылығының делегациясы «Сарыарқа» мен «Рубин» (Түмен) командалары арасындағы мерейтойлық 10-шы маусымның алғашқы ойынын көру үшін арнайы сапармен келді.
Құрамында ЖХЛ-дың басқарушы директоры Кирилл Пафифов, оның орынбасары Павел Макаров, ЖХЛ-дың бас төрешісі Михаил Карпушин, Ресей хоккей федерациясы атқарушы директорының орынбасары Александр Кикнадзе және еңбек сіңірген ардагер Игорь Тузик бар делегация үшін шахтаға экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің И.Костенко атындағы шахтасында болып, 600 метр тереңдіктегі кенжарға түсті.
ЖХЛ-дың басқарушы директоры Кирилл Пафифов бұған дейін шахтаға түсіп көрмегенін айтса, РХФ-ның бас кеңесшісі Игорь Тузик құрама командалармен 45 жыл жұмыс істегенін және бұрынғы кеңестік республикаларға бірнеше рет барғанын әңгімеледі.
– Алайда бұл қазақстандық шахтада тұңғыш рет болуым. Мен мұз айдындағы және жер астындағы еңбектің айырмашылығын көріп, сезіндім. Кеншілер еңбегін бағалау және қолдау қажет, – деді ол.
Ресейлік қонақтар қызықты экскурсия үшін ұйымдастырушыларға алғыс сезімін білдірді.
Қарағанды облысы