• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2013

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ 608-283

740 рет
көрсетілді

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ 608-283

Сенбі, 19 қаңтар 2013 6:19 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 3 қыркүйек №608 Астана қаласыҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 3 қазан № 283 Астана қаласы

Сенбі, 19 қаңтар 2013 6:19 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 3 қыркүйек №608 Астана қаласыҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 3 қазан № 283 Астана қаласыБІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚМедициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, ««Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған: 1) медициналық қызметтерді көрсету жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары; 2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С.Байсеркин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Ж.Ж.Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4.«Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 6913 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда № 76 (2066); 2011 жылғы 3 маусымдағы № 77 (2067) «Заң газеті» газетінде жарияланған). 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова.Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі Е.ДОСАЕВ.