• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады

349 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!», деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Ресейде өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов чемпион болды. Ол финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешіміне сәйкес 5:0 есебімен жеңіске жетті.