• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2019

Алматы жаңа жылу маусымын тың технологиямен бастамақ

238 рет
көрсетілді

Осылай деп мәлімдеген «Алматы жылу жүйесінің» мамандары жаңа жүйені биыл алғаш рет сынап көретінін, құрылғылардың жұмысы өзгеше болғанымен, тариф қымбаттамайтынын айтып отыр. Бұл жаңалық кеше Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды.

Сынақ ретінде  «Саялы-2» ықшам ауданына орнатылған құрылғылардың жұмыс істеуі өзгеше болғанымен, тариф қымбаттамайды. Жылу жүйесіне жауапты мамандар құзырлы орган өкілдерін шақырып, ашық және жабық жүйенің артықшылықтарын айтып берді.

«Ашық жүйе дегеніміз, бір жүйеден ыстық су жылуға кетеді және ыстық суға да қосылып кетеді. Ал жабық жүйе дегеніміз, су жылуға ғана қолданады. Ыстық суды өзі шығарады», – деді «Алматы жылу жүйесінің» маманы Ермек Тасболатов журналистермен кездескен кезде.

Тарифтік жүйе бірдей болады.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар