• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қыркүйек, 2019

Еуразия елдері парламенттері спикерлері кеңесінің қорытындысы бойынша комментарий

182 рет
көрсетілді

Кеше Еуропа және Азия елдері Парламенттері спи­кер­лерінің отырысы өтті. Енді осы мәселе бойынша пікір бөліскім келеді.

Кеңестің күн тәртібі аса маңызды әрі мазмұнды болды.

Еркін, мүдделі және тиімді көптарапты үнқатысу өрістеді.

Онда, әрине Парламенттің әрбір басшысы өз пікірінде елінің ұлттық мүдделерін не­гіз­ге алды. Дегенмен форум­ның рухы мен ахуалы бізді нәти­желі үнқатысу ниетіне жеткі­зіп, бізді бөлмей, бірікті­ретін тақырыпты табуға, өза­ра түсіністік нүктелерін іздес­тіруге тырысты.

Ресей, Оңтүстік Корея, Түр­кия, енді Қазақстан Еуро­па мен Азия елдері ынтымақ­тас­ты­ғының маңызды мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңға айналды.

Саммит барлық әріп­тес­терге біркелкі және бейресми сенімді қарым-қатынас жа­сауға мүмкіндік берді. Бұл жерде Еуразия жүрегіндегі сая­си алаңдағы кездесулерде дос­тық рухы қанат жайып, шы­найылық пен қуаныш орнады.

Осы күндері мен жиырмадан астам екіжақты кездесулер өткіздім. Өткен кездесулер өте маңызды – олар парламенттер басшылары арасындағы сенімді қатынастарды дамытады. Өйткені тең құқықты үнқатысуларда адамдарды толғандыратын мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеялар мен бірлескен жобалар туады.

Осының бәрі Еуразия ел­дері арасындағы сенім мен өза­ра түсіністіктің нығаюына, бей­біт­шілік пен өзара тиімді ын­ты­мақтастықтың мүдделеріне жұмыс істейді.

Менің ойымша, 25 жыл бұрын біздің еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев айтқан идеялар қазіргі кезде әлі де маңызды әрі дамып келеді, көп жағдайда Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді айқындады және құрлықтың қазіргі заманғы қалыптасқан геосаяси келбе­ті мен интеграциялық экономи­калық бастамаларға серпін берді. Ол туралы көпшілік ме­німен келіседі деп ойлаймын.

Еуразиялық идея, Назар­баев­тың еуразиялық идеологиясы Еуропа мен Азия елдері саясаткерлерінің көптеген буы­нын ХХІ ғасырдағы жаңа сападағы интеграцияға шақы­рып отыр.

Үлкен Еуразияның кейінгі онжылдықтағы сипаты қалай болатыны біздің көз алдымызда тұр.Мен бұл идеяға нық сене­мін.

Ол оптимизмге толы оң идея. Ол барлық салалар­да ерекше сенім мен ынтымақ­тас­тық кеңістігін қалыптасты­рады, Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілікке және оның ха­лықтарының өркендеуіне ықпал ететін болады.

Біздің құрлықтың барлық саналы тұрғындарының арманы да осы деп білемін.

Үлкен Еуразия идеясы өмірдің өзі сияқты мәңгілік және табиғи болып отыр.

Идея шындыққа айналуы үшін ауқымды әрі тынымсыз жұмыс қажет. Өткен форум бұл мүмкін екенін көрсетті, яғни солай болады.

Дариға НАЗАРБАЕВА,Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы