• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 27 Қыркүйек, 2019

Ауаны ластаушылар – ірі кәсіпорындар

752 рет
көрсетілді

Соңғы уақытта Ақтөбе қала­сының экологиялық ахуалы мен жай-күйі төмендеп бара жатқаны жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Өзекті мәселе өз кезегінде облыс орталығы мен оның маңа­йындағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту қажеттігін байқатады. Қоршаған ортаның бүлінуіне бірінші кезекте өнер­кәсіп қалдықтарының көлемі көбейіп келе жатқаны теріс әсе­рін тигізуде. Сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтар жүйесін құру ісінің кешеуілдеп жүргені де экологиялық шиеленісті одан әрі ширықтыра түсті.

Егер Ақтөбе қаласында бұ­рын пайда болған ластану көз­дерін анықтау мен жою ісі тә­жірибеге енген болса, мүмкін қазіргідей күрделі экологиялық ахуал қалыптаспаған болар ма еді. Атмосфералық ауаны тұ­рақтандырудың басты бір жолы ағаш өсіруге баса назар аударып, тұтастай жасыл желек жай­қалтудың оңтайлы тәсілдерін ор­нық­тыру десек, бұл істің жай-күйі де көңіл көншіте бермейді.

Ашығын айтқанда көктем мен күзде мыңдаған түп көшет отырғызылды деген асқақ есептер айтылады да кейіннен оның қаншасы бой тіктегені жөніндегі деректер жұмбақ күйінде қалып қоя береді. Балапанды күзде са­найтыны секілді, мүмкін тал-терек өсіру мен оны қорғаудың нәтижесін де 1-2 жыл өткен соң саралау қажет шығар. Міне, осы факторлар Ақтөбедегі атмос­фералық ауаның мониторинг жүйесін жетілдіруге теріс әсерін тигізіп келді. Алдағы уақытта бұл мәселені кешенді түрде шешу керек.

Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінен алынған деректерге сүйенсек, қалада жыл сайын ауаға 185 мың тонна зиян­ды заттар таралатынына көз жеткіземіз. Рас, ластану деңгейі соңғы 1-2 жылда 4-5 пайызға азайып келеді. Бұл әрине, оң нышан, жақсы құбылыс. Әйт­се де эколог мамандардың мәлім­деуінше, салыстырмалы түрде қарастырғанда мұның өзі қол соға қоятындай биік көрсеткіш емес. Департамент басшысы Жақ­сығали Иманқұлдың ай­туын­­ша, заманауи жоғары тех­нологиялар мен тың, бұ­ған де­йін пайдаланылмаған мүм­кін­діктерді іске қосу арқылы атал­ған көрсеткішті әлденеше есе арт­тыруға әбден болады.

Айталық, қазіргі кезде Ақтөбе қаласында ауаға таралатын лас қалдықтардың 75 пайызы өңірдегі ірі өнеркәсіп орындарының үлесіне тиеді. Соның ішінде 231 мың тонна қалдық осы өндірістік нысандардың шаң тазартқыш жабдықтарынан шығатыны бел­гілі болып отыр. Қалдық шыға­рудың ұйымдастырылмаған көз­дері мен автокөліктен бөлі­не­тін зиянды заттар көлемін қоссақ, экологиялық ахуал тіптен тө­мен­дей түспек. Сондай-ақ «Казгид­ро­мет» мони­торингтік стансасы таратқан деректе РМ-10, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді және күкіртті сутегі сияқты зиянды заттардың ауаға таралуы шекті рұқсат етілген консентрациядан әлдеқайда асып кеткен.

Бүгінде облыс орталығында ауаға зиянды заттар шығара­тын 25 кәсіпорынның арасында Ақ­төбе ферроқорытпа зауы­ты ауыз­ға алдымен оралады. Бірін­шіден, қоршаған ортаға оның күл­ден тұр­ғызылған үйіндісі  зия­нын ти­гізуде. Оған №1 және №2 бал­қыту секторынан бөлінетін зиян­ды қалдықтар қосылған. Бұған қоса «Ақтөберельсарқалық» за­­уы­­­­тының «ұйым­дас­тырыл­ма­­­­­­ған көздері» де қалдық көле­мі­нің өсе түсуіне ықпал етуде. Де­пар­­­­тамент жүргізген сараптама нә­­­тижесі айқындағандай күкірт диоксиді көлемінің артуы­­на Ақ­төбе ферроқорытпа зауы­­ты­­ның №3 және №4 цехта­ры қуа­тының артуы себепші бо­лып­­ты. Еліміздің қай өңірінде де өнер­кәсіптік кәсіпорындар қыз­меті экономикалық өсімнің негізі бола алады. Әйтсе де қай-қайсысы да атмосфералық ауаға зиянын ти­гіз­бейтіндей режімде жұмыс ат­қаруға тиіс.

Соңғы кезде бұл бағыттағы мәселелерге баса көңіл бөлі­не бастады. Мысалы, Ақтөбе об­­лысындағы экология депар­та­менті мен Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма­сы бірлесіп қолға алған байыпты бастамаға сәйкес, өңірдің эко­­­логиялық да­муының 2025 жыл­­ға дейінгі кешенді бағдар­ла­ма­сының жобасы жасақталу үстінде. Қабырғалы құжат аймақ­тағы эко­логиялық ахуалды са­уық­тыруға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

– Аталған кешенді жоба әзір болған соң қалың көпшіліктің талқылауына ұсынылады. Соны­мен бірге облыстың экологиялық тұрғыдан дамуы жөніндегі жобасын талқылауға қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерін, бло­­герлерді және бұл іске бей-жай, селсоқ қарай алмайтын барлық тілек білдірушілерді қа­тыстыруды көздеп отырмыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов. Қазіргі кезде ауаны ластайтын өңірдегі ірі кәсіпорындар мен экология департаментінің басшылары жә­­не облыс әкімдігі арасында ауа­ға зиянды заттар шығаруды азайту әрі бұл үдерісті сатылап жою жөніндегі үшжақты ме­мо­рандумға қол қою актісі бел­гі­ленген.

Өңірде қолға алынған эко­логиялық тұрғыдан даму жобасы мен өзге де іс-шаралар ауаның тұрақтануына оң әсерін тигізбек.

 

АҚТӨБЕ