Үндістанның Бангалор қаласында су спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық ватерполшылар турнирдің күміс және қола жүлдегерлері атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Ерлер командасы финалда Жапония құрамасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Үздік үштікке Иран командасы да енген.
Ал қыздар командасы біріншіліктің қола жүлдесіне қол жеткізді. Алтынды Жапония, күмісті Өзбекстан құрамалары иеленді.