• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2019

«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын іріктеу аяқталды

389 рет
көрсетілді

Қазақстанның өңірлерінде «Еңбек жолы» конкурсының бірінші кезеңі өтіп, онда онлайн-дауыс беру жолымен «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша көшбасшылар іріктелді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн-дауыс берудің нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған көшбасшылардың үштігі «Еңбек Жолы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға 388 өтінім берілген, оның ішінде номинациялар бойынша: «Үздік еңбек әулеті» - 90 өтінім; «Өндірістің үздік жас маманы» - 154 өтінім; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 144 өтінім.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 58,4 %-ға өскені байқалады (2018 ж. – 245 өтінім).

Конкурсты өткізудің  негізгі мақсаты еңбек адамдары жөнінде жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерінің құрылуына жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қараша айында  Қазақстанда Еңбек күнін мерекелеуге  арналған «Халықтың әл-ауқатын әлеуметтік әріптестік арқылы жақсарту» республикалық форумы аясында өткізілетін болады.

29 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні мерекесі тойланғанын еске саламыз. Мерекенің басты мақсаты еңбек өнімділігін арттыруды  ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрін нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды әр қыркүйектің соңғы жексенбісі тойланатын «Еңбек жолы» мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке халқымыздың әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне арналған. Баршамыздың  сүйікті ісіміз өзімізге ұнайтын, әріптестеріміздің құрметіне ие болып, еңбегіміздің үздік нәтижелерімен қанағаттанатындай жұмысымыз болсын. Еліміздің барлық азаматтарына амандық және тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін табысты еңбек тілеймін», - деді Біржан Нұрымбетов.

Еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстанның экономикасын дамыту мен нығайтуға жеке үлесін қосқан еңбек ардагерлерін, еңбек әулеттерінің өкілдері мен кәсіпқойларына құрмет көрсету бойынша іс-шаралар өткізілді.