Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:03
Бұдан әрі Шарттар деп аталатын «Альянс Банкі» АҚ Банкілік қарыз шартының Басты (үлгі) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабымен көзделген тәртіпте Банкілік қарыз шарттарын жасасу мақсатында әзірленген.Осы Шарттарға сәйкес Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз алушыға қызмет көрсетуге, Қарыз алушының Банкіден банкілік қарыз алуға байланысты қатынастар реттеледі.
1. ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ1.1. Банкілік қарыз шарты Қарыз алушының Шарттармен (бұдан әрі – Банкілік қарыз шарты) келісімі жағдайында Банкімен және Қарыз алушымен Банкілік қарыз шарты белгіленген.
Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:03
Бұдан әрі Шарттар деп аталатын «Альянс Банкі» АҚ Банкілік қарыз шартының Басты (үлгі) шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабымен көзделген тәртіпте Банкілік қарыз шарттарын жасасу мақсатында әзірленген.Осы Шарттарға сәйкес Қарыз алушы мен Банк арасындағы Қарыз алушыға қызмет көрсетуге, Қарыз алушының Банкіден банкілік қарыз алуға байланысты қатынастар реттеледі.
1. ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ1.1. Банкілік қарыз шарты Қарыз алушының Шарттармен (бұдан әрі – Банкілік қарыз шарты) келісімі жағдайында Банкімен және Қарыз алушымен Банкілік қарыз шарты белгіленген.
1.2. Қарыз мөлшері, валютасы, Қарыз мерзімі Банкілік қарыз шартымен белгіленген.1.3. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесінің түрі, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, оның ішінде анық жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және Банкімен алынатын комиссиялар тізілімі Банкілік қарыз шартымен белгіленген.1.4. Қарызды өтеу, оның ішінде Сыйақыны немесе айыппұл төлеу Қарыз валютасында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген тәсілде (қолма-қол, қолма-қол ақшасыз тәртіпте) жүргізіледі.1.5. Қарызды өтеу әдісі, Сыйақы есептеу тәртібі Банкілік қарыз шартымен белгіленген.1.6. Берешекті өтеу мерзімділігі Банкілік қарыз шартымен белгіленген.1.7. Қарыз бойынша (оның ішінде ең төменгі төлем) Берешекті өтеу есебіне төлем карточкасына байланған ағымдағы шотқа есептелінетін сомалар Банкімен төмендегідей кезектілікте берешекті өтеуге жолданады:а) айыппұл және өсімпұл сомасы;б) сыйақы бойынша мерзімі кешіктірілген берешек сомасы;в) Қарызды пайдаланғаны үшін есептелінген сыйақы сомасы;г) төлем карточкасы бойынша комиссиялар;д) Қарыз, техникалық овердрафт бойынша мерзімі өткен негізгі қарыз сомасы;е) Қарыз, техникалық овердрафт бойынша ағымдағы негізгі қарыз сомасы;1.8. қарызды және/немесе негізгі қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда, Қарызды және/немесе негізгі қарызды пайдаланғаны үшін орындауды кешіктірген әрбір күнге Қарыз алушы Банкіге мерзімінде төленбеген Сыйақы және/немесе Қарыз бойынша негізгі қарыз сомасының 0,5% (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді, бірақ Банкілік қарыз шартымен әрекет ету әр жыл үшін Қарыз сомасының 10% (он) пайызынан көп емес.1.9. Қарыз алушы Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда Банк өз міндеттемелерін орындау қажеттілігі және оларды орындамау салдарлары туралы хабарлама жолдайды. Егер Қарыз алушы Банкінің хабарламасында көрсетілген мерзімде Банкінің талаптарын қанағаттандырмаса, Банк Қарыз алушы Қарызды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда және/немесе Банкілік қарыз шарты бойынша төленуге тиіс кез келген өзге сомаларын төлеу кезінде сөзсіз және акцептсіз тәртіпте ақшаны алуға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге тәсілде және/немесе Қарыз алушының Банкіде ашқан банкілік шоттарынан тікелей дебеттеу жолымен немесе банктерге және/немесе Қазақстан Республикасы аумағындағыдай сияқты, одан да тыс жерлерде жекелеген банкілік операцияларды жүргізетін ұйымдарға, Қарыз алушының акцептін орындауды талап етпейтін Қарыз алушының шоттарынан ақшаны алу туралы өзге құжаттарды алуға құқылы. Қарыз алушының Банкілік қарыз шартына қол қоюы Қарыз алушының көрсетілген әрекеттерді жүргізуге келісім бергенін білдіреді.1.10. Қарыз алушы осы Шарт, Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда Банк төмендегілерге құқылы:1) Қарыз алушы Банкілік қарыз шартымен көзделген тәсілде Банкілік қарыз шарты бойынша төлем енгізу қажеттігі туралы және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабарлауға;2) сот шығындарын жатқызумен, сот өндірісіне байланысты мемлекеттік бажды және шығындарды, Банкінің Қарыз алушының шотына өзге шығындарды қоса, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарыз алушының кез келген мүлкін өндіріп алу жолымен, Қарыз бойынша берешекті мәжбүрлі өндіріп алу туралы шағыммен сот органдарына жүгінуге;3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және/немесе осы Шарттарға, Банкілік қарыз шартына сәйкес Қарыз бойынша Қарыз алушы берешекті қайтару мақсатында өзге де заңды әрекеттер, оның ішінде, қоса, бірақ шектелместен, және осы Шарттардың 1.3-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға, сонымен қатар осындай әрекеттерге байланысты Банк шығындары Қарыз алушы есебінен өтеледі.4) ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларына тосқауыл қоюды жүргізуге.1.11. Банк Қарыз алушыға қосылған жағдайда – Банкілік қарыз шартында белгіленген мөлшерде Қарызды пайдаланумен, сонымен бірге Интернет құралы арқылы Қарыз алушымен жасалған қолма-қол ақшасыз операциялар бойынша ақша қаражаты түрінде Банк Қарыз алушыға сыйақы төлейтін Cashback –Банк қызметін белгілейді.Cashback Қарызды пайдаланумен қолма-қол ақшасыз операцияларды жүргізу кезінде есептелетін, төмендегі операциялар тізімін қоспағанда, атап айтқанда:- казино және тотализиторлық операциялар бойынша,- лотерея билеттерін және облигацияларды сатып алуға байланысты операциялар бойынша,- қаржы ұйымдарымен операциялар бойынша,- соңында қаражатты қайтару жүргізілген операциялар бойынша,- Банкіде немесе өзге банктерде ашылған банкілік шоттарға Карточкадан ақша аударуға байланысты барлық операциялар бойынша,- электрондық әмияндарды толтыруға байланысты операциялар бойынша,- банкоматтар, «alb24» қашықтықтан банкілік қызмет көрсету жүйесі және «Handy Pay» мобильді төлемдер құралдары арқылы тауарларды/қызметтерді жеткізушілердің пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем.- Cashback есептеген мезетте Кредиттік карточка бойынша мерзімі өткен берешектердің болуы.1.12. Банк Банкінің қолданыстағы тарифтеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібіне сәйкес Cashback мөлшерін бір тарапты тәртіпте өзгертуге құқылы. Cashback есептеу төлем мезетіне ғана әрекет ететін карточкасына жүргізіледі.1.13. Қарыз алушы Қарызды пайдаланумен төленген тауардан/қызметтен бас тарту және Қарыз алушының ағымдағы шотына қайтарылған ақша қаражатын есептеу жағдайында Банкіге Қарыз алушының ағымдағы шотынан Cashback сомасын акцептсіз алып тастауға келісімін береді.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫҚарыз алушы Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісті орындамағаны үшін осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен көзделген тәртіпте және мөлшерде жауаптылықты көтереді.Сонымен қатар, осы Шарттар Банкілік қарыз шарты шеңберінде төмендегі негіздерден басқа, Қарыз алушы осы Шарттарда ескерілген өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған деп бағаланады:a) Қарыз алушының орындамаған және/немесе тиісті орындамаған және кейінге қалдырылған міндеттемелерінің болуы (оның ішінде Қарыз алушының Банкілік қарыз шарты бойынша болашақта орындалуға жататын Қарызды/сыйақыны және өзге сомаларды және/немесе өзге міндеттемелерді өтеу бойынша жеңілдік кезеңі белгіленген);b) Қарыз бойынша берешекке, қоса алғанда, бірақ шектелместен, негізгі қарыз және/немесе Сыйақы, Банкілік қарыз шарты бойынша төлемді ауыстырумен/кейінге қалдырумен/азайтумен және/немесе Қарыз мерзімін ұзартумен қайта құрылымдау жүргізу.2.2. Осы Шарттардың, Банкілік қарыз шартының өзге тармақтарымен көзделмеген жауаптылық бойынша Қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда Қарыз алушы осындай бұзудың әрбір жағдайында Банкіге Қарыз сомасының 0,5 % (нөл бүтін оннан бес) пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.2.3. Банкінің жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ3.1. Банк мыналарға құқылы:3.1.1. кез келген уақытта Қарыздың мақсатты пайдаланылуын тексеруге;3.1.2. оның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде Қарыз алушы Банкілік қарыз шарты бойынша берешекті Қарыз алушының қайтаруы үшін қажетті және жеткілікті Қазақстан Республикасының заңнамасымен және банк тәжірибесімен тыйым салынбаған шаралардың кез келгенін қолдануға. Осыған байланысты Банкімен жүргізілген барлық шығындар Қарыз алушының есебіне жатқызылады.3.1.3. Қарызды және/немесе Сыйақыны өтеу мерзімін Қарыз алушы 40 (қырық) күнтізбелік күннен аса бұзған, Қарызды мақсатты пайдалану, Қарызды қайтаруды және Сыйақыны төлеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, сондай-ақ ол бойынша Банк жауап бермейтін жағдайлар бойынша оның шарттарын қамтамасыз ету мәнін жоғалтқан немесе нашарлатқан жағдайларда Қарыз алушыдан мерзімінен бұрын Қарызды қайтаруды және Сыйақы төлеуді талап етуге;3.1.3. Қарызды және/немесе Сыйақыны өтеу мерзімін Қарыз алушы 40 (қырық) күнтізбелік күннен аса бұзған Қарызды мақсатты пайдалану, Қарызды қайтаруды және Сыйақыны төлеуді қамтамасыз ету мәні бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, сондай-ақ Банк жауап бермейтін жағдайлар бойынша оның шарттарын нашарлататын Қарыз алушыдан мерзімінен бұрын Қарызды қайтаруды және Сыйақыны төлеуді талап етуге;3.1.4. мынадай жағдайларда Банкілік қарыз шарты бойынша қолжетімді Кезеңді тоқтатуға:• осы Шарт бойынша кезекті төлемді жүргізу үшін Қарыз алушыда ақша болмаған және олардың болашақта түсуінің жоқтығы;• егер Қарыз алушының мүлкіне немесе оның шоттарындағы ақшасына тыйым салынған немесе басқадай түрде өндіріп алу (немесе осындай салдарлардың барлығына шынайы қауіп болған);• Банкінің негізді пікірінше Қарыз алушының төлемге қабілеттілігіне және Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндіктеріне кері әсер етуі мүмкін басқадай жағдайларда;• Қарыз алушы осы Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзған;• Қарыз алушы Қарызды рәсімдеу кезінде бұрыс мәліметтер ұсынған;• Қарыз мерзімі аяқталғанға дейін 1 (бір) жылдан соң;• ең төменгі төлемді төлеу бойынша 30 (отыз) күнтізбелік күн қатарынан кешіктіру болған;• Банкінің алдындағы кез келген ақшасыз міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған;• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқадай жағдайларда.3.1.5. Осы Шарттардың 3.1.3.-тармағында аталған жағдайлар басталғанда, Банк Қарыз алушыға берешек сомасын мерзімінен бұрын өндіріп алу туралы тиісті талап жолдайды. Қарыз алушы хабарламада көрсетілген мерзімде берешек сомасын өндіріп алу туралы талапты орындамаған жағдайда Банк акцептсіз тәртіпте Қарыз алушының кез келген банкілік шоттарынан берешек сомасын алып тастауға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте Қарыз алушының талабы бойынша ашылған банкілік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру Мемлекеттік қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем түрінде Қарыз алушы алатын ақшаны қоспағанда) немесе берешек сомасын мерзімінен бұрын өндіріп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінуге құқылы;3.1.6. Қарызды өтеу бойынша мерзімі өткен төлем үшін және де Сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер үшін де тұрақсыздықтарды (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептеуді тоқтатуға және қайта жаңғыртуға;3.1.7. Қарызды өтеу және/немесе осы Шарт бойынша төленуге жататын, кез келген басқадай соманы төлеу бойынша өз міндеттемелерін Қарыз алушы 40 (қырық) күнтізбелік күннен аса орындамаған жағдайда Қарыз алушының Банкіде ашылған банкілік шоттарынан ақшаны Банкіде ашылған Қарыз алушының банкілік шоттарын тікелей дебеттеу жолымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен сөзсіз және акцептсіз тәртіпте шешуге және/немесе Қазақстан Републикасының аумағында және оның аумағынан тыс жерлерде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банкілерге және/немесе ұйымдарға Қарыз алушының шоттарынан ақшаны (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте Қарыз алушының талап етуімен ашылған банкілік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру Мемлекеттік қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем түрінде Қарыз алушы алатын ақшаны қоспағанда) алу туралы, оларды орындау үшін Қарыз алушы акцептін қажет етпейтін, төлемдік және/немесе басқа да құжаттарды ұсынуға. Қарыз алушының Банкілік қарыз шартына қол қою көрсетілген әрекеттерді жүргізуге Қарыз алушы келісімін білдіреді.3.1.8. Қарыз алушы және оның берешек сомасы туралы ақпаратты ұсынуға, қоса, бірақ шектелместен, мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға байланысты мәселелер бойынша үшінші тұлғаларға Қарыз алушыға қатысты банкілік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;3.1.9. Банкілік қарыз шарты бойынша талап құқығын толығымен немесе жартылай үшінші тұлғаға беруге;3.1.10. Банкінің жарнамалық акциялары, өнімдері мен қызметтері жөніндегі кез келген ақпарат бар хабарламалардың барлық түрін (қоса, бірақ шектелместен: sms-хабарламалар, e-mail, қағаз тасымалындағы хат) Қарыз алушының барлық көрсеткен байланыс деректеріне (қоса, бірақ шектелместен: мобильді нөміріне, e-mail, пошталық үй мекенжайына) жіберуге.3.1.11. бір тарапты тәртіпте Банкілік қарыз шартының шарттарын Қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағына өзгертуге.3.2. Банк мыналарға міндеттенеді:3.2.1. Қарызды Банкілік қарыз шартымен көзделген шарттарда, көлемде және мерзімде ұсынуға;3.2.2. осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда осы Шарттардың, Банкілік қарыз шартының шарттарын орындау үшін жасалатын операциялар бойынша құпияны сақтауға;3.2.3. Қарыз алушыны Банкілік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы Шарттарда ескерілген тәсілмен хабардар етуге;3.2.4. Банкілік қарыз шартын жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Қарыз ұсынылған күннен бастап Банк есептеген Сыйақыны төлеу арқылы Қарыздың қайтарылуын қабылдауға, бұл жағдайда Қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпал шараларының басқадай түрлері бұл жағдайда алынбайды;3.2.5. Қарыз алушының өтініші бойынша 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде ақысыз айына бір реттен жиі емес, Банкілік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу шотына кезекті түсетін ақшаны (Қарыз бойынша негізгі қарызды, Сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздықтарды, айыппұлдарды және мерзімі кешіктірілген төлемді көрсетумен төленуге тиіс сомаларды) бөлу туралы жазбаша нысандағы ақпаратты ұсынуға;3.2.6. Шарт бойынша ұсынылған ақшаны Банкіге жартылай немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы Қарыз алушының өтініші бойынша – ақысыз, 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, мерзімі өткен төлемдерді көрсету арқылы, Қарыз бойынша негізгі қарызға, Сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төленуге жататын сомаға бөлінген, қайтарылуға тиіс соманың мөлшерін хабарлауға;3.2.7. Банкілік қарыз шарты бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға берген жағдайда бұл туралы Қарыз алушыға берілген талап ету құқығының толық көлемін, Қарыз бойынша негізгі қарызға ағымдағы және мерзімі өткен берешек қалдығын көрсетумен 3 (үш) жұмыс күн ішінде хабардар етуге. Сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар мен төленуге тиіс сомалардың өзге түрлері, сондай-ақ Қарыз бойынша талап құқығы берілген банкіге немесе тұлғаға Қарызды өтеу бойынша әрі қарайғы төлемдерді тағайындау;3.2.8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген мерзімде Қарызға байланысты сұрақтарына жазбаша жауап әзірлеуге және қарауға.3.3. Банк мыналарға құқылы емес:3.3.1. Банкілік қарыз шартын жасасу күніне белгіленген тарифтерді, комиссиялық сыйақыларды және Қарызға қызмет көрсету жөніндегі басқа да шығындарды есептеу тәртібін және көлемін ұлғайту жағына қарай бір тарапты тәртіпте өзгертуге;3.3.2. осы Шарттардың 1.12-тармағына сәйкес Cashback мөлшерін өзгертуден басқа, Банкілік қарыз шарты шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін бір тарапты тәртіпте енгізуге;3.3.3. Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі қарызды бөлшектеп мерзімінен бұрын немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайларды қоспағанда, Қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін өндіріп алуға;3.3.4. Егер Қарыз бойынша негізгі қарызды немесе Сыйқыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне келсе және Сыйақыны немесе негізгі қарызды төлеу одан кейінгі келесі жұмыс күні жүргізілсе тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін өндіріп алуға.3.3.5. Осы Шарттармен және/немесе Банкілік қарыз шартымен көзделген жағдайларды қоспағанда жасасылған Банкілік қарыз шарты аясында Қарыз бойынша Қолжетімді кезеңді бір тарапты тәртіпте тоқтатуға.3.4. Қарыз алушы мыналарға құқылы:3.4.1. Қол жетерлік кезеңде Қарызды пайдаланған айдан кейінгі келесі айдың 15 (он бес) күніне дейін есептік кезең үшін ағымдағы берешекті толық өтеуге, сонымен қатар Қарызды пайдаланған есепті кезеңге есептелінген сыйақыны төлеуден босатылады;3.4.2. Банкілік қарыз шарты мерзімі әрекетін тоқтату туралы тиісті Өтініш беру шартында осы Шарттар және Банкілік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін толық мерзімінен бұрын орындауға, оның ішінде Қарыз бойынша берешекті өтеуге;3.4.3. Банкілік қарыз шартының Қосымша келісіміне Қарыз алушы кейіннен қол қою арқылы Банкіге тиісті өтініш беру жолымен сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (бұдан әрі – СЖТМ) қайта есептеу үшін Банкіге жүгінуге;3.4.4. Банкілік қарыз шартын жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Қарыз ұсынылған күннен бастап Банкімен есептелінген Сыйақыны төлеу арқылы Қарызды қайтаруға, бұл жағдайда Қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпал шараларының басқадай түрлері алынбайды;3.4.5. Егер Қарызды өтеу және/немесе Сыйақыны төлеу күні жұмыс күні емес күнге келсе Қарызды және/немесе Сыйақыны төлеуді, тұрақсыздық пен айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін төлеместен кейінгі келесі жұмыс күні жүргізуге;3.4.6. Өтініш бойынша 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, ақысыз, айына бір реттен жиі емес, Банкілік қарыз шарты бойынша қарызды өтеу шотына кезекті түсетін ақшаның бөлінуі (Қарыз бойынша негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда алуға;3.4.7. Ұсынылған ақшаны Банкіге бөлшектеп немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініш бойынша – ақысыз 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, мерзімі өткен төлемдерді көрсету арқылы, негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға бөлінген, қайтарылуы тиіс соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде алуға;3.4.8. Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін қарызды бөлшектеп немесе толық көлемде мерзімінен бұрын тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін төлеместен мерзімінен бұрын өтеуге;3.4.9. Қарызға байланысты сұрақтар бойынша даулы жағдайлар пайда болған жағдайда Банкіге жазбаша өтініш білдіруге және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген мерзімде жауап алуға;3.4.10. Осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүргізуге.3.5. Қарыз алушы мыналарға міндеттенеді:3.5.1. Қарыздың мақсатты тағайындалуына сәйкес пайдалануға;3.5.2. Банкілік қарыз шартымен қарастырылған тәртіпте, мерзімде және көлемде Қарызды толығымен өтеуге, ол бойынша, сондай-ақ Сыйақыны және осы Банкілік қарыз шартына сәйкес Банкіге тиесілі басқа да сомаларды төлеуге;3.5.3. Банкіге өзінің тұрғылықты жерінің, пошталық және/немесе банкілік деректемелерінің өзгергені туралы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде дереу хабарлауға;3.5.4. Банкілік қарыз шарты бойынша Қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісті орындауына ықпал етуге қабілетті барлық жағдайлар туралы Банкіні уақытында хабардар етуге;3.5.5. Банкілік қарыз шартын жасасқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде (осы Банкілік қарыз шартының әрекет ету кезеңінде ашылған банкілік шоттар) Банкіге барлық ашылған (Банкілік қарыз шартының әрекет ету кезеңінде ашылған) банкілік шоттарының барлығы туралы жазбаша хабарлауға;3.5.6. Банкілік қарыз шартына қол қоюға және орындауға байланысты барлық шығындарды, Банкінің ресми сайтында көрсетілген Банкінің тарифтеріне сәйкес көтеруге;3.5.7. Банкінің бірінші талабы бойынша Банкілік қарыз шарты жөніндегі міндеттемелердің орындалуына байланысты кез келген құжаттарды ұсынуға;3.5.8. Банк Қарызды, есептелінген Сыйақыны және Банкілік қарыз шарты бойынша Банкіге тиесілі басқа да төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді талап еткен жағдайда Банкінің талабын, Банкінің жазбаша талабын алған мезеттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде орындауға;3.5.9. Банкілік қарыз шартының әрекет ету мерзімі ішінде таза кіріс үлесі мөлшерінің (Қарыз алушының отбасына және/немесе бизнес шығындарын алып тастау арқылы, бірақ Қарыз бойынша кезекті төлем сомасын есепке алумен) Қарыз алушының кіріс көлеміне (жалақы түрінде және/немесе Қарызды өтеудің басқа көздеріне (ақшалай түсім және т.б.) ара қатынасын Қарызды берген мезетке Банк есептеген мағынадан кем емес мөлшерде, бұл жағдайда Қарыз бойынша жарналарды өтеу үшін жеткілікті етіп ұстауға;3.5.10. Банкіге Банкінің ресми сайтында көрсетілген Банкінің қолданыстағы тарифтерімен белгіленген мөлшерде алынатын осы өзгертулерді жүргізу күні кредиттеу шарттарының өзгергені үшін комиссия төлеуге;3.5.11. Алдағы ең аз төлем сомасын нақтылау үшін төлем күні Банкіге хабарласуға;3.5.12. Осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған және/немесе оларды орындауға байланысты басқа да міндеттемелерді орындауға.
4. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ4.1. Табиғи апаттардың (су тасқыны, жер сілкінісі, індет) тікелей немесе жанама әсерінен болған еңсерілмейтін күш жағдайлары жағдайында әскери қақтығыстарда, әскери төңкерістерде, лаңкестік әрекеттерде, азаматтық толқуларда, көтерілістерде, Үкімет, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк тараптарынан ұйғарымдар, бұйрықтар немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына әсерін тигізетін, қандайда бір басқа әкімшілік килігулер немесе қаулылар, әкімшілік немесе үкіметтік шектеулер болған немесе Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс басқа да жағдайларда, егер осы жағдайлар осы Шарттың немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары басталғаннан кейін орындалуға жататын оның сол бөлігінің бүкіл мерзімінде орындалуына едәуір әсерін тигізетін болса осы міндеттердің орындалу мерзімі осындай жағдайлар әрекет ететін уақыт мөлшеріне қарай жылжытылады.4.2. Осы баппен қарастырылған Банкілік қарыз шартының орындалуына тосқауылдар Қазақстан Республикасының кез келген мемлекеттік органдарымен берілуі тиіс рұқсаттардың, лицензиялардың немесе келуге рұқсаттардың немесе Шартты орындау үшін қажетті мақұлдаулардың болмауын қоспайды.4.3. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайларының басталғаны және аяқталғаны туралы біріне бірі тез арада жазбаша хабардар етулері қажет. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сүйенетін Тарап оларды растау үшін Қазақстан Республикасының құзырлы мемлекеттік органның құжатын ұсынуға міндетті.
5. ӨЗГЕ ШАРТТАР5.1. Қазақстан Республикасының Кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес Кредиттік бюроға ақпараттарды ұсыну туралы келісім Қарыз алушының жазбаша өтінішімен расталады.5.2. Қарыз бойынша негізгі қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген берешек құрылған күннен бастап мерзімі кешіктірілген негізгі қарыз сомасына Банкілік қарыз шартымен көзделген мөлшерде (Шарттардың 1.3.-тармағына сәйкес) Сыйақы есептеледі.5.3. Банкілік қарыз шартына және/немесе Шарттарға барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар егер олар жазбаша түрде жасалған жағдайда ғана жарамды. Банкілік қарыз шартын орындаудан бір тарапты бас тартуға және осы Шартты бір тарапты өзгертуге, толықтыруға және/немесе бұзуға рұқсат етілмейді, тек осы Шарттармен және Банкілік қарыз шартымен көзделген жағдайларды қоспағанда. Шарттарға барлық өзгертулер және/немесе толықтырулар ол Банкінің сайтында жарияланған күннен бастап әрекет етеді, сонымен қатар Қарыз алушы үшін осындай өзгертулер және/немесе толықтырулар Банкілік қарыз шартының тиісті Қосымша келісімімен қол қойған кезден бастап күшіне енеді.5.4. Банкілік қарыз шартына барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар Тараптармен қол қойылатын, Банкінің мөрі басылатын Қосымша келісімдермен рәсімделеді, оның ажырамас бөлігі болып табылатын Банкілік қарыз шарты сияқты тәртіпте тіркеледі және күшіне енеді.5.5. Тараптар осымен Банк Қарыз алушыға міндеттемелерді бұзғаны туралы хабарламаны Банкілік қарыз шартында көрсетілген мекенжай бойынша берешек сомасы (мерзімі өткен) мен берешекті (мерзімі өткен) өтеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі көрсетілген тапсырыс хат арқылы (адресаттың оны алғандығы туралы хабарламамен) жіберуге құқылы екендігін растайды және келіседі. Егер Қарыз алушы хабарламамен белгіленген мерзімдер мен көлемде талаптарды орындамаған жағдайда немесе хабарламаны алған мерзімнен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша қарсылық ұсынбаса немесе хабарламаны алудан бас тарту мақсатында кез келген әрекетті қолданса, атап айтқанда, Банкінің пошта ұйымының қызметкерлері немесе хат-хабар жіберу және жеткізу үшін Банкімен тартылған өзге де ұйымдар растаған хабарламаны алудан бас тарту, Банкіге өзінің орналасқан жерінің нақты мекенжайының өзгергендігі туралы (бұл жағдайларда Банкінің хабарламасын Қарыз алушы алды деп есептелінеді), Банкінің көрсетілген (хабарламаны құрастыру күніндегі) сомадағы Банк талаптары Қарыз алушымен құпталды деп саналады және 01.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуальдық кодексінің 140-бабының 2-тармағының мақсаты үшін талассыз шешіледі. Бұл жағдайларда Банкілік қарыз шарты шеңберінде осы Шарттарда, Банкілік қарыз шартында ескерілген негіздерден басқа Қарыз алушы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған деп бағаланады, төмендегідей:а) Қарыз алушымен орындалмаған және/немесе орындалмаған және кейінге қалдырылған міндеттемелері болған (оның ішінде Қарызды/Сыйақыны және өзге сомаларды өтеу жөнінде жеңілдікті кезеңдер белгіленгендер және/немесе Банкілік қарыз шарты бойынша алдағы Қарыз алушы орындауға жататындар);b) Қарыз бойынша берешекке қайта құрылымдау жүргізуді, қоса, бірақ шектелместен, Банкілік қарыз шарты бойынша Қарыздың мерзімін ұзартумен негізгі қарыз және/немесе Сыйақы жөніндегі төлемдер мерзімін ауыстырумен/мерзімін ұзартумен/азайтумен.5.6. Осы Шарт бойынша әрбір Тарап, екінші Тараптан алынған банкілік, қаржылық, коммерциялық және басқа да ақпараттардың қатаң құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Осындай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, жариялау немесе жария ету тек қана Тараптың жазбаша келісімімен, сондай-ақ осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларда мүмкін.5.7. Қарыз алушы Банкілік қарыз шартына қол қоюмен төмендегілерге келісімін береді:1) банкілік құпияны құрайтын ақпаратты Банкінің ашуына:- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және негіздері бойынша Банк қызметіне тексеру жүргізетін тұлғаларға;- сондай-ақ, Банкіден алынған/алынатын ақпаратты үшінші тұлғаларға жарияламау туралы міндеттемені контрагенттің(-тердің) қабылдауы, мәні болып табылатын, келісім(дер)ді осындай тұлғамен Банкінің жасасу шартында контрагентке(-терге).2) Қарыз алушы және оның берешек сомасы туралы ақпаратты Банкінің ұсынуымен, қоса, бірақ шектелместен және Қарыз алушыға қатысты банкілік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді Банкілік қарыз шарты бойынша Қарыз алушы тиісті орындамаған және/немесе орындамаған жағдайда үшінші тұлғаларға ұсынуға.5.8. Банк берешекті өндіріп алуға байланысты мәселелер бойынша, оның ішінде үшінші тұлғаларға талап ету құқыларын беру кезінде өз құқықтарын жүзеге асыру мақсатында өз бастамасы бойынша үшінші тұлғаларға, олардың өкілдеріне (оның ішінде мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, берешекті өндіріп алу бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға және т.б.) Қарыз алушы оның берешегінің сомасын (қоса, бірақ шектелместен: Қарыз алушыға қатысты заңмен қорғалатын құпия, банкілік және басқа да құрамды мәліметтер, сонымен қатар осындай мәліметтері бар құжаттар мен құжаттардың көшірмелері) туралы ақпаратты беруге, тапсыруға, жариялауға және кез келген тәсілде таратуға құқылы және Қарыз алушы оған осымен өз келісімін береді.5.9. Осы Шарт бойынша Қарыз алушының құқықтары және/немесе міндеттемелері үшінші тұлға(-лар)ға Банкінің алдын ала жазбаша келісімін алғанда ғана беріледі. Банкілік қарыз шарты бойынша Банкінің толық немесе жартылай өз құқықтары және/немесе міндеттемелері үшінші тұлға(-лар)ға беру үшін Қарыз алушының келісімі талап етілмейді.5.10. Осы Шарттарға, Банкілік қарыз шартына байланысты/туындаған немесе оған байланысты, сонымен қатар оның жасалуына және/немесе орындалуына және/немесе бұзылуына және/немесе тоқтатылуына және/немесе жарамсыздығына қатысты (осы Шарттар, Банкілік қарыз шарты бойынша даулар) кез келген дау, талап немесе талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта қаралуға жатады.5.11. Қол жетерлік кезеңде Қарыз алушы Қарызды толығымен немесе бөлшектеп игеруге құқылы, оның үстіне Қарыз, негізгі қарыз (Қарыздың игерілген және өтелген сомасы) бойынша берешектің өтелген бөлігінің сомасына толықтырылады (жаңғыртылады) және Қарыз алушымен қосымша игерілуі мүмкін.5.12. Қол жетерлік кезең өтуімен Қарыз алушы Қарызды пайдалануға құқығы жоқ және Банкілік қарыз шарты шарттарында Қарыз бойынша қалған берешекті өтеуге міндеттенеді.5.13. Тараптар Қарыздың әр бөлігі бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшері және оны есептеу кезінде пайдаланылған мәні, Қарыз алушы ұсынған ақпаратқа сәйкес Банк пайдасына төленетін және Банкімен расталатын Қарыз алушының сол төлемдерін ескеру есебімен белгіленетініне келіседі.Бұл жағдайда егер Қарызды және барлық оған байланысты қызметті алғаны үшін Қарыз алушымен нақты жүргізілген төлемдер Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету туралы Шартта көрсетілгендерден ерекшеленетін жағдайда Қарыз алушы сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қайта есептеу үшін өтініш білдіргенде Банк Қарыз алушының сұрауын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Қарызды және барлық оған байланысты қызметті алғаны үшін Қарыз алушы Банк пайдасына іске асырған барлық төлемдерді ескерумен сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қайта есептеуге міндеттенеді.5.14. Осы Шарттармен, Банкілік қарыз шартымен тікелей көзделмеген барлық қалғандарында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.