Шара аясында Іле Алатау Ұлттық табиғи паркінен алма ағаштары әкелініп, егіліп жатыр.
«Сиверс алмасы жоғалып бара жатқан тұқымдастардың бірі болғандықтан, оның түрін сақтап қалу аса маңызды. Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімі аумағында өтіп жатқан фестиваль бағдарламасында экскурсиялар, мерекелік концерт, шеберлік сабақтарын және түрлі байқаулар өткізу жоспарланған.
Іс-шараны өткізу туралы бастамашыл топтың жетекшісі Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Ақсай филиалының орман қорғау инженері Марғұлан Әжібеков таулы аймақтарда, бос жерлерде Сиверс алмасын егуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Сиверс алмасы Алматы Іле Алатауының бөктерінде ғана өсетіндіктен, оны болашақ ұрпаққа сақтап, көбейтіп, аман-есен жеткізу - басты мақсатымыз» дейді ол журналистермен кездесуде.