• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қазан, 2019

Қарағандыда еліміздің бас ветеринары кеңейтілген кеңес өткізді

284 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов өңірдегі ветеринарлық бақылау, ветеринарлық-санитарлық және тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Жиын барысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Биыл мал ауруларының 13 түрін алдын алу және 30 түрін диагностикадан өткізу бойынша амал-шарғылар жасалды. Облыстық бюджеттен жануарлар ауруларының алдын алу үшін ірі қара малдың тейлериозына қарсы 15 мың дәрі дозасы, сондай-ақ жылқы үшін 111 мың дәрі дозасы сатып алынды, – деп мәлімдеді облыстың бас ветеринары.

Биыл Қарағанды облысына шет мемлекттерден, атап айтқанда  Чехиядан (722), Беларусьтан (45) және Ресейден (2162) 2929 бас ірі қара мал әкелінді. Сондай-ақ Ресей (155200) мен Венгриядан (51597) 206797 тәуліктік балапандар жеткізілген.

Кеңес соңында Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Еске салсақ, Қарағанды облысында барлығы 840 ветеринар маман жұмыс істейді.