• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2019

Түркістан облысының әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

244 рет
көрсетілді

Түркістан облысында биыл қараша айында дарынды балаларды олимпиадаға дайындайтын, әдістемелік, педагогикалық жұмыстарды жүргізіп отыратын «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы ашылады. Ал, 2020 жылы оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында мәлім етті. Сондай-ақ облыс әкімінің мәлімдеуінше, Төле би ауданында «Bi group» компаниясы балаларды жоғары оқу орындарына дайындайтын 200 орындық орталық салып бермек. «Болашақ» секілді арнайы бағдарлама жасалып білікті мұғалімдер жоғары сынып оқушыларын университеттерге дайындайтын болады. Салтанатты жиында Өмірзақ Естайұлы балалық шағында білім берген ұстаздарын да еске алып өтті. Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда алған білімімен шетелде оқу қиындық тудырмағандығын жеткізді.

Мерекелік жиында қызмет бабында үздік деп танылған ұстаздар Түркістан облысы әкімі мен мәслихатының «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.  Ал ардагер ұстаздарға облыс әкімінің атынан арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды. Жастар жылына орай жас мұғалімдердің өзін - өзі жетілдіруіне, кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында өткізілген «Үздік жас мұғалім-2019» облыстық байқауының жеңімпаздары да арнайы марапаттарға ие болды.