• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Қазан, 2019

Алматыда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

781 рет
көрсетілді

Алматыда Халық жазушысы, сөз өнерінің зергері Шерхан Мұртаза тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Шерағаңның жарқын бейнесін көз алдымызға әкелетін мемориалды тақтайша тәуелсіздіктің елең-алаңында ұлт руханиятының беделін биіктеткен ерен тұлғаның есімін ұрпақ санасында мәңгі әлдилеу мақсатында қойылған. Алматы қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі шараға жиналған зиялы қауым өкілдері бұл шын мәнінде қазақ сөз өнеріне жасалған құрмет деп есептейді.

«Әкем халқым десе жанын беруге әзір тұратын тұлға еді. Ол ақтық демі қалғанша киелі сөз өнерінің киесін кетірмеуге, тұнығын лайламауға бар күшін сарп етті. Бұл әкеме ғана емес, бүтін қазақ руханиятына жасалған айрықша құрмет деп білемін», - дейді Алма Шерханқызы.

Ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қаламдастары Шерағаңның өткір мінез-құлқы, ұлтқа жасаған ұланғайыр еңбегі, кейінгіге мұра болып қалатын шығармалары туралы сыр шертіп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Еске салсақ, Алматы төрінде кешелі бері марқұмның өмірден озғанына бір жыл толуына орай қайраткер-қаламгерді еске алуға арналған түрлі іс-шаралар тізбегі ұйымдастырылуда.

Кеше шаһарда БАҚ өкілдері арасында бильярдтан Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі турнир мәреге жеткен болатын.

 

 

АЛМАТЫ