• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Қазан, 2019

Шетелдік тауарлар қымбаттады

351 рет
көрсетілді

Елімізге шет мемлекеттерден импортталатын тауарлардың бағасы жыл басынан бері 4,7 %-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады. Әсіресе көкөніс бағасы екі есеге жуық көтерілген. Қазақстаннан басқа елдерге экспортталатын тауарлардың бағасы да сегіз айда 2,5 %-ға қымбаттады.

Өткен кезеңде экспортқа шығары­ла­тын темір кені – 41%, көмір – 17,4%, қара металдан жасалған бұйымдар – 6%, қара металл сынығы – 5,9%, қор­ғасын – 5,4%, мұнай 3,7%-ға қым­бат­та­ды. Ферроқорытпалардың құны – 18,9%, хром кені – 12,3%, мырыштың бағасы 3,2%-ға төмендеді. Статистика комитеті бидай – 18,3%, жүн – 1,6%-ға қымбаттағанын, керісінше  мақта 3,1%-ға ар­зандағанын хабарлады.

Импортталатын негізгі өнімдердің ішінде көкөніс – 40,6%, кондитерлік өнім – 9,6%, күріш – 8,5%, балық – 8,2%, темекі – 7,4%, макарон өнімдері – 6,6%, сүт өнімдері – 6%, кофе – 5,4%, өсімдік майы – 5,3%, құс еті – 4,3%, шай 4,1%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері қант – 7%, жеміс пен жаң­ғақ – 6,9%, какао 4%-ға арзандады. Фар­мацевтикалық өнімдер – 9,8%, пластмасса – 6,9%, құрылыс материалдары – 5,1%, тоқыма бұйымдары – 4,8%, сүрек 4,6%-ға жоғарылады.

Статистика комитеті баға индексін есептеп шығару үшін экспорттаушы және импорттаушы кәсіпорындардың жал­пымемлекеттік статистикалық бақылауын пайдаланады. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше­ мемлекеттермен арадағы сауда­ статистикасы мен Кеден статистика­сы­ның деректері сараланады.